Среда, 29 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

VIP киіз үй: Ақтөбеліктер несиеден қашып, той жасаудың жаңа түріне көшті

Ақтөбеде той жасаудың жаңа түрі пайда болды. Тұрғындар миллиондап несие алуды азайтып, тойларын шығын аз келетін киіз үйлерде өткізіп жүр

20.10.2018
0
VIP киіз үй: Ақтөбеліктер несиеден қашып, той жасаудың  жаңа түріне көшті

Ақтөбеліктердің сұранысына сай  сатушылар арасында ұсыныс та артып келеді. Олар той иелеріне қазақы киіз үйлердің элиталы VIP түрлерін ұсынуда.

«Қазір киіз үйге деген сұраныс қатты. Несие алып, мейрамханаға той жасағаннан киіз үй бірнеше есеге қолайлы. Оның үстіне шашылып той жасағанда жастар бірге тұра ма, тұрмай ма деген мәселе да бар.

Осыны ескеріп, көпшілігі қатты шығындалмаудың жолын қарайды. Екі бірдей киіз үй жалдап, дүбірлетіп той жасап жатқандар жоқ емес. Ондағы тойлар мейрамханадан кем өтпейді», — дейді Ләззат Мамирова.

Ләззат Мамированың бұл кәсіпті қолға алғанына екі жыл болған. Кәсібін заңдастырып, салық та төлеп отыр. Айтуынша, ақтөбеліктердің көпшілігі қуанышын киіз үйлерде тойлап жатқанға ұқсайды.

«Өзімнің екі киіз үйім бар. Аптаның жеті күнінде де тойға шығамыз. Өткен жылы көп шақыртмайтын. Биыл мықты көп. Жақында бір ауылдық жерге бардық. Той қазақы киіз үйде жасалды. Ат шабыс, күрес ұйымдастырған. Ана жерде ерекше шоу болды. Міне, қазақтың тойы осындай болу керек», — дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ кәсіпкердің айтуынша, өңірде киіз үйлердің VIP түрлері сұранысқа орай пайда болған.

«Енді сұранысқа қарай қажеттілік те болады. Қолданыста киіз үйдің элиталы «VIP» және қарапайым «стандарт» түрі бар. Элиталы қызметте орындықтардан бөлек, қымбат ыдыстармен сервисті мейрамханадағыдай жасаймыз. Фарфор ыдыстар да қойылады. Элиталы киіз үйлерді көбіне әкімшіліктің адамдары үлкен қонақтар келгенде алады. Vip киіз үйлер барлық жасауымен 120-150 мың теңгеге шығады.

Қарапайым түрлері 40 мың теңгеге бар. Мұндай бағаға мейрамханаларда той жасау мүмкін емес. Оның үстіне бізде адам басына есептелмейді. Үлкен киіз үйлерге 150 адам сияды. Жақында танысым осындай киіз үйге 120 адам шақырып той жасады. Тамағы, асабасы, аспазының бағасын қосқанда барлығы 380 мың теңге кеткен. Қазақтар мұндай ақшаны бір мал сатып та таба алады. 3 миллиондап несие алып, өмір бойы төлегеннен тиімді», — дейді Ләззат Мамирова.

Бөлісу18Твит11
Алдыңғы лауазым

Қанат Әлжапбаров достарынан ақша сұрап, ұятқа қалды (видео)

Келесі лауазым

Сайттар "жарылды": Димаштың Лондондағы концертіне билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    51 бөлісу
    Бөлісу 20 Твит 13
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.