Среда, 29 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Денисті өлтіргендерді қолдаған мұғалім сотта жылап кешірім сұрады

Прокурор ұстазды жалпы режимдегі абақтыға үш жылға қамауды сұрады

24.10.2018
0
Денисті өлтіргендерді  қолдаған мұғалім сотта жылап кешірім сұрады

Сот төрешісі  Шерхан Байзеновке кінәсін мойындау арқылы процестік келісімге келуге рұқсат бермеді.

Бұл туралы  «Уральская неделя» басылымы.

Естеріңізге сала кетсек, тарих пәнінің мұғалімі Шерхан Байзенов танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін Facebook желісіне пост жазып, оны өлтірген «қытайлықтарды» мақтаған-ды. Қоғамдық резонанстан кейін мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Байзенов Денис Теннің кім екенін білмейтінін айтып ақталған. Қазіргі сәтте ол мектептегі жұмысынан шеттетілді.

Сот Шерхан Байзеновке кінәсін мойындау арқылы келісімге келуге рұқсат бермеді. Егер рұқсат берсе, бұл оның жазасын жеңілдететін еді.

Сотталушыға қарсы оқушы куәлік етіп, өзінің оған желідегі жазбасы үшін ескерту жасағанын айтты.
«Сыныптастар тобыны Шерхан Байзенов жазбасының скриншоты жіберілді. Мен оның мектепте ұстаз болып жұмыс істейтінін білемін. Маған ұнамағандықтан, одан «Неге бұлай жаздыңыз?» деп сұрадым.

Және одан бұл жазбаны өшіруін өтіндім. Ал ол маған менің кішкентай екенімді және көп нәрсе түсінбейтінімді айтты. Кейін сыныптас құрбым екеуіміз осы скриншотты блогерлер мен басқа адамдарға жібердік. Маған ұстаздың бұлай жазғаны ұнамайды», — деді Данара Кулдыбаева.

Шерхан Байзенов анасының ауырып жатқанын айтып, соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сөз соңында сотталушы көз жасына ерік берді.

Шерхан Байзеновке қандай үкім кесілетіні 24 қазан күні белгілі болады.

 

 

Бөлісу11Твит7
Алдыңғы лауазым

Жігер Аупбаевқа қарағанды халқы көлік мінгізді (видео)

Келесі лауазым

Cүйлейменов немересінің қазасы: Отбасы айыпталушыдан 14 млн сұрады

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    51 бөлісу
    Бөлісу 20 Твит 13
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.