Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Боксшы Мұхтархан Ділдәбеков басшылық қызметке тағайындалды

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері үлкен спортқа дейін додабұзар көкпаршы болғанын екінің бірі біле бермейді.

25.10.2018
0
Боксшы Мұхтархан Ділдәбеков басшылық қызметке тағайындалды

 ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы республикалық «Көкпар» және «Аударыспақ» федерацияларының басшылық құрамына өзгерістер болды, деп хабарлады қауымдастықтың баспасөз қызметі.

«Көкпар» федерациясының президенті болып даңқты боксшы Мұхтархан Ділдәбеков тағайындалды, ал «Аударыспақ» федерациясын Данияр Қобыландин басқарады.

Мұхтархан Ділдәбеков есімі спорт сүйер қауымға жақсы таныс. Дегенмен, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, ХІІ Азия ойындарының жеңімпазы, ХІV Азия ойындары мен әлем чемпионатының  күміс  жүлдегері атанған атақты боксшының үлкен спортқа дейін додабұзар көкпаршы болғанын екінің бірі біле бермейді.

Мұхтархан Ділдәбеков 1976 жылы Түркістан облысы Мақтарал ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ —түрік университетін тәмамдаған. «Парасат» орденінің иегері,  Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

2008 жылдан осы уақытқа дейін «Оңтүстік Қазақстан облысының бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебінің» директоры қызметін атқарып келді.

Ал Данияр Қобыландин 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы прокуратурасынан бастаған. ҚР Көліктік бақылау комитетінде, ҚР Президент әкімшілігінде, Алматы қаласы әкімдігінде қызмет еткен. Қазіргі кезде жеке кәсіпкер.

 

Бөлісу16Твит10
Алдыңғы лауазым

Шымкентте аудан әкімін атқан оқиғаның жай - жапсары анықталды

Келесі лауазым

Нурмагомедовке "тәртіпсіздігі үшін" жаза қолданылды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.