Бағым Мұхитдинованың күйеуі Әділжан Жүсіпов әнші Мөлдір Әуелбековамен ара-қатынасы жайлы айтты. Продюсерге Әуелбековамен жұмыс істеген ұнайды екен. Бұл туралы әңгіме Тимур Балымбетовтың «Если честно» бағдарламасында қозғалды.
«Мен Мөлдірді гастрольдік сапарға шығаратын директоры болдым. Продюсері болмадым. Онымен 7 жыл бірге жұмыс істестік. Мөлдір менің қандай адам екенімді жақсы біледі. Оның тәуелсіз болуы үшін мансабын басынан бастауы керектігін түсіндім», — деді продюсер.
Жүсіпов ел арасында Әуелбековамен әуей болған деген қауесетке де өз реакциясын көрсетті.
«Ары қарай кеттік. Маған онымен жұмыс істеген ұнайтын. Бары осы», — деп ол қысқа ғана жауап қайырды.