Воскресенье, 18 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматы облысында баласынан айырылған әке дәрігерлерді пышақпен жарақаттады

Жарақаттанған дәрігер ер адамның үстінен сотқа шағым түсірсе баланың анасы дәрігерлерді сотқа берген.

29.10.2018
0
Алматы облысында баласынан айырылған әке дәрігерлерді пышақпен жарақаттады

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында баласынан айырылған әке дәрігерлерге пышақ ала жүгірді. Ер адам күш көрсеткеннен кейін зардап шеккен дәрігерлерге алғашқы көмек көрсетілді, деп жазды KYN.KZ.

Ауруханаға түскен 14 жастағы бала 28 қазанда жансақтау бөлімінде көз жұмды.

“2018 жылдың 26 қазанында қайтыс болған баланың әкесі реаниматолог дәрігерге, кезекші реаниматолог және директордың орынбасарына күш көрсетіп, олардың денесін пышақпен жарақаттады”, — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бала 26 қазан күні тамақтан уланып ауруханаға түседі. Оған дәрігерлер “Бактериалды тамақтан улану”, “Жедел инфекциалды миокардит”, “3-ші дәрежедегі инфекциялық-токсикалық”, “Респираторлы РДС ІІІ дәрежесіндегі синдром” сынды бірнеше диагноз қойған. Араға екі күн салып бала қайтыс болды.

Дәрігерлер өздерінің бала өмірін аман алып қалу үшін барлық жағдайды жасап жатқанында, науқастың әкесі медицина қызметкерлеріне дөрекілік танытқанын айтты. Сондай-ақ, олар соңғы кездері мұндай әрекеттердің көбейіп кеткенін жеткізді.

“Осы жағдайды ескере отырып Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасы БАҚ құралдары арқылы қоғамның назарын дәрігерлердің қауіпсіздігіне, дәрігерлердің дәрежесін көтеруге аудартқысы келеді.

Дәрігерлер науқастардың өліміне жол бермей, олардың өмірін сақтап қалуға барынша тырысатындарын айтты”, — делінген ведомство мәліметінде.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өлген баланың анасы дәрігерлердің үстінен арызданғанын хабарлады. Қазіргі сәтте осы жағдайға байланысты ҚР ҚК 317-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мұнымен қатар, медицина қызметкерінің пышақ ала жүгірген ер адамның үстінен арыз жазғаны белгілі болды. Айтуынша, баланың әкесі оның денесін жарақаттаған. Осы іске байланысты ҚР ҚК 293-бабы “Бұзақылық” бойынша тергеу басталды.

 

Бөлісу14Твит9
Алдыңғы лауазым

Қазақстан бойынша интернет арқылы терроризмді насихаттаған 10 адам ұсталды

Келесі лауазым

Ерке Есмахан: Жаратушы бәрін үйіп бергенімен, күйеуден қысып сынап жатыр

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    8 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Қазақстанда тұрып, мемлекетті құраушы ұлттың тілі мен дінін, салтын сыйламауды, сыйламайтындарды  не және кім деп атаймыз?
Қазнетте Африкада аң аулап Қазнетте Африкада аң аулап жүрген азаматтардың видеосы кеңінен таралуда. Кадрларда олардың қазақ тілінде еркін сөйлеп жүргенін байқауға болады. Жануарларды аяусыздықпен атып алып жүрген ер адамдардың қатыгездігін көрсеткен видео желі қолданушыларының ашуына тиді. 


Аталған видео YouTube желісіндегі Silk Road Youtube арнасында пайда болды. Онда олардың сафариде аң аулап жүргені байқалады. 
Қолында  мылтығы бар азаматтар, алдымен жирафты атып, кейін зебраны көлікке салып жатады. 

Ол аздай видео соңында олар жабайы буйволды жергілікті халыққа сойғызғанын көруге болады. 
Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді. 
"Біздің отандастырымыз экзотикалық жануарларды аулап жүрген видеоны көргеннен кейін, шыны керек, көңіліп құлазып, жаман әсерде қалдым. Білуімше, видео Африкада түсірілген. Мен мұны адамдар мәдениетінің ең төмен көрсеткіші деп білемін.
 Жалғасы төменде
"Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінд "Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінде Аяжан Еділова жерленді. Көңілді, белсенді, табанды, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні қылмыскердің құрбаны болды.

 Туыстары Аяжанның денесін мырыш табытқа салынған күйде алды. Орны толмас қаза, иманды болсын", - деп жазды Дина Таңсәрі. 

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазғанбыз. Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.  Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады. Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.
Қазақ поэзиясы қара жамылды!  Дүние — жалған, ажалдың атқан оғынан қырық жыл қашып Қорқыт бабамызда құтыла алмаған екен. Енді міне, Алаштың ардақтысы, бүгінгі қазақ поэзиясыны көш басы, нағыз ақын — 
Есенғали ағамыз бақилық болды.

Мына шалдар кетеді ертең, дау бар ма?
Біз өзіміз айналамыз «тауларға».
Мейірхандар қартаяды қудай боп,
Есенқұлға ақсақалдық ауғанда.

Мүлде бөлек ұлысы да ұраны,
Ойхой, шіркін, ел боламыз мұралы.
Өтежандар шығады ертең бізден де,
Енді, әрине, өзгелер де шығады.

Шығады өрге жүйріктер мен жабылар
Бүркіті бар,
Жапекеңі тағы бар,
Өзіміздің Олжасымыз болады,
Бір Олжасқа бір тәржіман табылар.

Бүгінгі күн Қадекеңде тұрған бақ
Ауысайын қайсыңа деп жүр барлап.
Н. Рубцов болам дейді Аманхан,
Сонда біздің Тоқашымыз кім болмақ?

Қазірден-ақ шаруасына тас, мығым,
Сейтқұлдар шығар, бәлкім, бастығым.
Байбота шал отырады балконда,
Қай пәтерде калды екен деп жас күнім.

Өрекпімей, байқай шабар ма екенбіз,
Өрге қарай шайқай салар ма екенбіз?
Қырық жастан асқаннан соң біздер де
«Атақ бер» деп айкай салар ма екенбіз?

Ұсақ емес, сақалар ма екенбіз,
Атан бермей, ат алар ма екенбіз?
Қазақ үшін жан қинамай жүріп-ақ,
Қазақ жазушысы атанар ма екенбіз?

Мұрагерің біз боламыз, жарық күн,
Сен де бізге басқа емессің, ғаріп түн.
Қасиетің де, қасіретің де – еншімде,
Қара өлеңі қазақ деген халықтың.

Әңгіме ме, болмас, бәлкім, болар шен,
Туады өлең – сене бергін, оған сен.
Жұлдыздардай самсап өлі тұрамыз,
Жұлдыздардай сирейміз біз содан соң…

Содан соң ба?
Күледі жел жындана,
Күрсінеді жасыл қала, гүл қала.
Содан кейін… отырады ойланып,
Біздер жайлы өлең жазып бір бала…
 
Есенғали Раушанов
Алматы, Қонаев пен Мақатаев Алматы, Қонаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысы. Видеоны жолдаған қала тұрғынының айтуы бойынша, мына азаматтар  қоғамдық көліктерді вирустан залалсыздандырумен айналысады. Жұмысшылар  есірткі пайдаланғандықтан жол бойында өздерін басқара алмай тұр.
Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.