Суббота, 17 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақжайықтық полицей бастығын неге өлтіргенін айтты

Ақжайықта бастығын атып тастаған полицейге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

02.11.2018
0
Ақжайықтық полицей бастығын неге өлтіргенін айтты

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында бастығын атып өлтірген полицейдің ақыл-есі дұрыс екені анықталды.

Мамандардың пікірінше, ол кісі өлтірген кезде физиологиялық аффект жағдайында болған. Бұл туралы арнайы күзет басқармасының қызметкері 24 жастағы Серік Ғариф туралы сот-психиатриялық сараптама қорытындысында жазылған.

Серік Ғариф биыл 6 қыркүйекте табельдік тапаншадан 34 жастағы басшысы Рүстем Рақышевқа Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімі алдында оқ атты. Кісі өлтірген соң бірден полицияға берілген, деп хабарлайды uralskweek.kz.

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша, Серік Ғарифтің дені сау, ақыл-есі дұрыс. Бірақ күдіктіні тексеріп шыққан мамандардың айтуынша, ол ұзақ уақыт қысым көру салдарынан туындаған физиологиялық аффект жағдайында қылмыс жасаған.

Серік Ғариф қылмысы туралы өзі толығымен айтып берді. Оның сөзіне сүйенсек, Рүстем Рақышевпен жұмыс істеген алғашқы күннен бастап, екеуі бір-бірін жақтырмаған.

“Маған үнемі тиісіп жүретін. Қайта-қайта ескерту жасап, басқалардың көзінше төмендететін. Ешқашан дұрыстап амандаспай, үнемі тіл тигізіп жүрді. Осының бәрі біртіндеп жинала берді. Сол күні тағы да менің намысыма тиді. Содан соң менімен басқа қызметкерлерге қару алып, жұмысқа кірісуге бұйырды. Қару бөлмесінен тапаншаны алып, шыға бергенде, даладан Рүстем Рақышевты көрдім. Әдеттегідей аю сияқты қорбаңдап келе жатыр екен. Оны жек көретінмін. Жүріс-тұрысы жыныма тиетін. Артында келе жатып, тапаншамды шығардым да, аяғының астына оқ аттым. Содан соң, не көрінгенін білмеймін, қалай болса, солай оқ жаудыра бердім. Ол сұлап түскен кезде ғана тоқтадым”, — деп Серік Ғариф сараптама кезінде жауап берген.

“Кері бұрылып, кезекшінің үстеліне келдім де, тапаншаны қойып: “Болдым” дедім. Басқа АІІБ қызметкерлері жүгіріп келіп, қолымды бұрады. Оқсауыттағы қалған оқ-дәріні тартып алыңдар дедім”, — деп жалғастырды экс-полицей.

Серік Ғарифтің ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүргенін оның ағасы Сақауов та айтты. Күдікті 2015 жылы күзет қызметіне жұмысқа орналасқалы бері Чапаев ауылындағы сол ағасының үйінде тұрған. Сақауовтың айтуынша, Серік Ғарифтің мінезі тұйық, жұмысы туралы тіс жармаған.

2017 жылы бір күні ағасы бауырының жұмыстан ұнжырғасы түсіп келгенін байқап қалған. Түскі ас кезінде неге көңіл-күйі болмай жүргенін сұраған. Серік Ғариф кенет жылап жіберіп, қатты шаршағанын, бұдан былай мұндай жағдайда жұмыс істей алмайтынын айтқан.

Ағасы не болғанын сұрай бастағанда Серік Ғариф үстелден тұрып, үйден шығып кетіп қалған. Содан кейін оның үйіне екі күннен кейін келген және ешқашан жұмысында не болып жатқанын айтпаған.

Ұлының мінезі тұйық екенін күдіктінің әкесі Серік Ғариф растады.

“Онда не болғанын, қандай себеппен өлтіргенін білмеймін. Ұлыммен кездесуге бірнеше рет бардым. Ол жанжалдың себебін айтпады. Анасымен жүздесуден бас тартып, мұнда келмеуін сұрады. Адвокат жалдауға тыйым салды, оған әлі күнге дейін тегін, мемлекеттік адвокат қызмет көрсетуде”, — дейді Нұрлан Ғариф.

Рүстем Рақышевтың ата-анасы да жанжалдың себебін білмейді. Марқұмның әкесі Жасқайрат Рақышев сот- психиатриялық сараптаманың қорытындысымен келіспейді.

“Серік Ғариф ұлымды қасақана өлтірді, ешқандай аффект болған жоқ. Серік түсініктемесінде пышақ алып жүргенін айтты. Яғни ол бұл қылмысқа дайындалған”, — дейді ол.

Рүстем Рақышевтың туыстары күдіктіні қайта сараптамадан өткізуді талап етуде. Құжатта тергеуші көптеген  процессуальдық құқық бұзушылық жіберген, ал бұл құжатты заңсыз деп тануға негіз бола алатын көрінеді.

Қазіргі таңда бұл істі тергеу жалғасып жатыр.

 

Бөлісу8Твит5
Алдыңғы лауазым

Баян Алагөзова мұрны мен көзіне пластикалық ота жасатқанын айтты

Келесі лауазым

Көлік терминалы ақшаңызды «жұтып қойса» не істеу керек

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    8 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Қазнетте Африкада аң аулап Қазнетте Африкада аң аулап жүрген азаматтардың видеосы кеңінен таралуда. Кадрларда олардың қазақ тілінде еркін сөйлеп жүргенін байқауға болады. Жануарларды аяусыздықпен атып алып жүрген ер адамдардың қатыгездігін көрсеткен видео желі қолданушыларының ашуына тиді. 


Аталған видео YouTube желісіндегі Silk Road Youtube арнасында пайда болды. Онда олардың сафариде аң аулап жүргені байқалады. 
Қолында  мылтығы бар азаматтар, алдымен жирафты атып, кейін зебраны көлікке салып жатады. 

Ол аздай видео соңында олар жабайы буйволды жергілікті халыққа сойғызғанын көруге болады. 
Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді. 
"Біздің отандастырымыз экзотикалық жануарларды аулап жүрген видеоны көргеннен кейін, шыны керек, көңіліп құлазып, жаман әсерде қалдым. Білуімше, видео Африкада түсірілген. Мен мұны адамдар мәдениетінің ең төмен көрсеткіші деп білемін.
 Жалғасы төменде
"Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінд "Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінде Аяжан Еділова жерленді. Көңілді, белсенді, табанды, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні қылмыскердің құрбаны болды.

 Туыстары Аяжанның денесін мырыш табытқа салынған күйде алды. Орны толмас қаза, иманды болсын", - деп жазды Дина Таңсәрі. 

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазғанбыз. Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.  Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады. Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.
Қазақ поэзиясы қара жамылды!  Дүние — жалған, ажалдың атқан оғынан қырық жыл қашып Қорқыт бабамызда құтыла алмаған екен. Енді міне, Алаштың ардақтысы, бүгінгі қазақ поэзиясыны көш басы, нағыз ақын — 
Есенғали ағамыз бақилық болды.

Мына шалдар кетеді ертең, дау бар ма?
Біз өзіміз айналамыз «тауларға».
Мейірхандар қартаяды қудай боп,
Есенқұлға ақсақалдық ауғанда.

Мүлде бөлек ұлысы да ұраны,
Ойхой, шіркін, ел боламыз мұралы.
Өтежандар шығады ертең бізден де,
Енді, әрине, өзгелер де шығады.

Шығады өрге жүйріктер мен жабылар
Бүркіті бар,
Жапекеңі тағы бар,
Өзіміздің Олжасымыз болады,
Бір Олжасқа бір тәржіман табылар.

Бүгінгі күн Қадекеңде тұрған бақ
Ауысайын қайсыңа деп жүр барлап.
Н. Рубцов болам дейді Аманхан,
Сонда біздің Тоқашымыз кім болмақ?

Қазірден-ақ шаруасына тас, мығым,
Сейтқұлдар шығар, бәлкім, бастығым.
Байбота шал отырады балконда,
Қай пәтерде калды екен деп жас күнім.

Өрекпімей, байқай шабар ма екенбіз,
Өрге қарай шайқай салар ма екенбіз?
Қырық жастан асқаннан соң біздер де
«Атақ бер» деп айкай салар ма екенбіз?

Ұсақ емес, сақалар ма екенбіз,
Атан бермей, ат алар ма екенбіз?
Қазақ үшін жан қинамай жүріп-ақ,
Қазақ жазушысы атанар ма екенбіз?

Мұрагерің біз боламыз, жарық күн,
Сен де бізге басқа емессің, ғаріп түн.
Қасиетің де, қасіретің де – еншімде,
Қара өлеңі қазақ деген халықтың.

Әңгіме ме, болмас, бәлкім, болар шен,
Туады өлең – сене бергін, оған сен.
Жұлдыздардай самсап өлі тұрамыз,
Жұлдыздардай сирейміз біз содан соң…

Содан соң ба?
Күледі жел жындана,
Күрсінеді жасыл қала, гүл қала.
Содан кейін… отырады ойланып,
Біздер жайлы өлең жазып бір бала…
 
Есенғали Раушанов
Алматы, Қонаев пен Мақатаев Алматы, Қонаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысы. Видеоны жолдаған қала тұрғынының айтуы бойынша, мына азаматтар  қоғамдық көліктерді вирустан залалсыздандырумен айналысады. Жұмысшылар  есірткі пайдаланғандықтан жол бойында өздерін басқара алмай тұр.
Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Қоғамдық көлікте әйел адам Қоғамдық көлікте әйел адам әжейдің сөмкесін ақтарып, бағалы бұйым мен ақшасын іздеп жатыр. Жолда сақ жүріңіздер!

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.