Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Көлік терминалы ақшаңызды «жұтып қойса» не істеу керек

Терминал арқылы жол жүру картаңызды толтырып, түспей қалған жағдайда ақшаңызды қайтарып ала аласыз.

02.11.2018
0
Көлік терминалы ақшаңызды «жұтып қойса» не істеу керек

Көлік картасын терминал арқылы толтырғанымен, ақша түспеген жағдайда жолаушы өтініш жазып, ақшасын 48 сағаттың ішінде қайтарып ала алады. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында «Астана LRT» ЖШС төлем жүйесі департаментінің директоры Дәурен Нұрәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде RTVM терминалдарда ақша салынғанымен, әртүрлі себептермен көлік картасына тқлемнің түспей қалған жағдайлары тіркелген. Егер терминалдағы белгілі бір қызметті дұрыс жүргізбеген жағдайда сәйкесінше, ақша түспей қалуы мүмкін.

Мұндай жағдайда әлгі адам кассаға жақындап, өтініш жазып, белгілі бір уақыттан кейін ақшаны қайтарып ала алады», — деді ол әкімдікте өткен брифингте.

Дәурен Нұрәлиев аталмыш жағдайды жақсарту бағытында да қадамдар жасалғанын сөз етті. «Бүгіннен бастап жүйеге өзгеріс енгіздік.

Жолаушы терминалда көліктік картасын толтырғанымен, ақша түспесе түбіртегі арқылы оған 48 сағаттың ішінде ақшасы қайтарылып беріледі», — деді компания өкілі. «Астана LRT» ЖШС қызметкері сондай-ақ, терминалдардың қағаз ақшаны қабылдамау жағдайына қатысты пікірін білдірді.

«Біздің қалада қазіргі таңда 30 RTVM терминал (көлік картасын толытратын) бар. Оның 13-і сыртта, яғни аялдамалардың қасында тұрса, 17-і түрлі ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Бұлар қыста да ыңғайлы, себебі бұл терминалдар 2016 жылдың қараша айынан бастап тұр», — дейді Дәурен Нұрәлиев.

Оның айтуынша, компания қазіргі таңда терминалдарды жаңарту жағын қарастырып жатқан жоқ. «Себебі, терминалдардың бағасы өте қымбат болғандықтан, алдыңғы жұмада өткен дөңгелек үстелде айтылғанындай, көлік картасын жылдам толтырудың жаңа әдістерін (QR-код арқылы) таптық.

Ол туралы айтылып та жатыр. Желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде біз қала бойынша жүзге жуық агенттік, яғни пунктерді ашпақпыз. Терминалмен қазір қалай толтырсаңыз, ол пунктерде де келген мезетте толтыру мүмкіндігін береді», — деді Дәурен Нұрәлиев.

Бөлісу5Твит3
Алдыңғы лауазым

Ақжайықтық полицей бастығын неге өлтіргенін айтты

Келесі лауазым

Кәрі әрі талғамсыз: Бүркіттің жас кезін көрген тыңдармандары шошып кетті (видео)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.