Среда, 29 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Атыраулық туыстары өзін жерлеп тастағаннан кейін, үйіне қайтып келген

"Марқұмды" бірінші болып көрген қарындасы сол сәтте жүрегі ұстап, талып қала жаздаған.

03.11.2018
0
Атыраулық туыстары өзін жерлеп тастағаннан кейін, үйіне қайтып келген

Атырау облысы Томарлы ауылында жоғалып кеткен ер адамды туыстары өлі күйінде тауып алған. Барлық туысы жиналып, оның жаназасын шығарып, мұсылманша жерлеп те үлгерген. Бірақ арада екі ай өткеннен кейін марқұм үйіне келген.

Бұл туралы Ақжайық басылымына сілтеме жасай отырып KYN.KZ  ақпарат агенттігі жазды.

Туыстары 63 жастағы  Айғали Сүпіғалиев биылғы жылдың маусым айында хабарсыз кеткен. Ер адамның әйелі, баласы болмаған. Бауырларының үйінде тұрып жүрген. Ол бұған дейін де үйінен біраз уақытқа кетіп қалып жүрген. Алайда маусым айында ұзаққа жоғалып кетіп, нәтижесінде 9 шілдеде туыстары полицияға шағымданыпты.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін полицейлер жоғалып кеткен ер адамның туыстарына хабарласып, мәйітті тануға шақырған. Алайда табылған адам денесін  түріне қарап тану мүмкін болмаған.  Артынша марқұмға ДНҚ сараптамасы тағайындалып, нәтижесінде мәйіттің Сүпіғалиевке тиесілі екендігі анықталады.Ер адамның інісі Есенғали Сүпіғалиевтің сөзінше, мұнан кейін олар мәйітті алып кетіп, жерлеу рәсімін өткізген.

«Туыстарымыз көңіл айтып, бізді «көңіл шайға» шақырып жаттты. Ал Айғали қазан айының соңында үйге келген кезде, қызым Сәуле «марқұм» ағасын көріп, жүрегі ұстап құлап қала жаздады», – дейді ол.

Анықталғандай, Айғали жоғалып кеткен күні базарда бір адаммен танысып, онымен бірге басқа өңірге табыс табуға кетеді. Сол жақта 4 ай бойы жұмыс істеген Айғали үйіне асыққан. Ол өзі жұмыс істеген ауданнан Атырауға жаяу келген. Алайда мұндай жағдай болады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмепті. Туыстары оның зейнетақысын мемлекетке қайтарып, құлпытасқа тапсырыс беріп үлгерген.

Енді Айғалидің өзі туыстары мен бірге жалған сараптама шығарған дәрігерлер мен полицейлерді  сотқа беріп, осындай қателік үшін жазаланғандарын қалайды.

Бөлісу11Твит7
Алдыңғы лауазым

Ғаділбек: Әйелдер қыз ұзатып ақшаға қарық болып жүр, жігітті алып шығатын ән жаздырамын

Келесі лауазым

Ақтөбеде қаруланған 200 студент атысуға шықты

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    51 бөлісу
    Бөлісу 20 Твит 13
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.