Среда, 29 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Күндіз әртіс, кешке күзетші: Абай атындағы театр әртістері жалақыларын көтеруді талап етті

Опера және балет театрының әртістері 40 мың жалақы алатындарын айтып, қарапайым халықты қайран қалдырды.

08.11.2018
0
Күндіз әртіс, кешке күзетші: Абай атындағы театр әртістері жалақыларын көтеруді талап етті

Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театры ұжымының айлығы шайлығына жетпейді, деп жазды KTK  жаңалықтары.

Әртістер амалдың жоқтығынан сахнадан кейін басқа жұмыс істеп күн көруге мәжбүр. Жүзден астам өнер өкілі қол қойып жақында Ақордаға хат жолдаған. Базыналарын Мәдениет және спорт министрлігіне де жеткізген.

«Жалақымыз 40 мыңнан 100 мыңға дейін. Сондықтан «халтура» іздеп  тойға шығамыз»,-дейді актерлердің бірі.

Балет әртісі Әлібек Әспетов сахнада ұршықша иірілгенімен, тұрмысы үшін иілуіне тура келіп тұр. Кәсіби маманның мұндағы табысы пәтер ақысы, несие, азығына жетпейді. Амал жоқ той жағалаумен, ағалаумен өлместің күнін кешіп жүр. Атағы дардай опера және балет театрындағы өзге әртістер де Әлібектің кебін киген.

«Жалақым  62 мың теңге. Бұл ақша маған әрине жетпейді. Мен де жалға берілген үйде тұрамын.  Соған 60 мың берем,тіпті  коммуналдық төлемге жетпейді.  Қосымша жұмыс істеуге тура келеді. Кешке мектепте күзетші болып жұмыс істеймін»,-дейді  хор әртісі Тұңғышбек Мұсаев

Жалақыға жарымай, жаны қиналған 13 әртіс биыл қимаса да, театрды тастап басқа жаққа ауысқан. Орташа қолдарына тиетін айлық 60-80 мыңның айналасында. Бұлардың Астанадағы әріптестері олардан 2-3 есеге жоғары айлық алады.

Ал 80 жылға жуық тарихы бар Абай театры тарландарының тарығуын парадоксқа балауға болар. Тіптен, мұндағы директордың өзі алатын жалақысы отбасын асырауға жетпегендіктен, басқа жақтан нәпәқа табатынын айтады.

Өнерге өмірін арнағандардың жалақыдан қағажу көруі жандарына батады. Сананы тұрмыс билеген соң, сахнадағы саф өнердің сапасы ақсамай ма деген сұрақ та туады. Бірақ, басқа түскен баспақшылдан олар киелі сахнаны тастап кетпек емес.

Айлығы шайлығына жетпейтін әртістердің әзірге жақсы жалақыға қол жетер күн жақын деп үміттенуден басқа амалдары жоқ. Хат жазылды.

Енді министрлік пен билік базыналарына құлақ асып, өнер өкілдерінің басында қордаланған мәселеге атүсті қарамас деп сенгілері келеді. Күрмеуі қиын мәселе шешілгенше, әркім қал-қадірінше тірнектеп, еңбектеніп, күн көреді.

 

Бөлісу7Твит5
Алдыңғы лауазым

Өзі реттесін: Бозымбаев күдікке ілінген орынбасарының ісіне араласпайтынын айтты

Келесі лауазым

Ақтөбеде  жарты семестр оқыған студент медициналық университетті сотқа берді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    51 бөлісу
    Бөлісу 20 Твит 13
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.