Суббота, 17 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Гүлзира Айдарбекова Қайратты “колхоз, орысша сөйлей алмайды” дегендерге жауап берді

Продюсер: Жай халық тұрмақ, әншілер Қайратқа еліктеп кигенін киеді, кино да түсіріп кетті.

11.11.2018
0
Гүлзира Айдарбекова Қайратты “колхоз, орысша сөйлей алмайды” дегендерге жауап берді

Танымал әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты орысша білмейді деп сынағандарға таңданысын жасыра алмады.

Гүлзира ханым ұлы халықтың адамы болғандықтан бала күнінен қалада өскен Қайратты мүлде орысша сөйлетпепті. Себебін жұлдыздың анасы былай деп түсіндірді:

“Қаншама елді араладым, көп елдерде сен түсінсін деп қазақша сөйлемейді. Өз елдерінде өз тілін құрметтеп өз тілдерінде сөйлейді.

Солардың еліне бардың ба, өзің үшін, наныңды сұрап жеу үшін, не жолыңды табу үшін сол елдің тілімен сөйлеуің керек. Ал бізде ше?  “ойебай орысшаны қате сөйлеп қойды, колxоз” деп күледі, өз қазағымыз. Қарға қарғаның көзін шұқымаушы еді, ал адамдар ше?

Біз студент болғандықтан Алматыда оқып жүріп, қара шаңырақты сыйлап ауылға енемізге барып, Қайратты өмірге алып келдік. Тек кіндігінің қаны тамған жері, Түркістан қаласы болғанымен өмір бойы Алматыда тұрдық. Мен 18 жасымнан, жолдасым 21 жасынан бастап.

Жастар Қайраттан өнеге алады деп орысша сөйлетпедік. Себебі: xалықтың баласы рас. Сөйлеген сөзі тұрмақ, Қайраттың киген киімі тіптен көзілдірігі мен саxыналық киімдері, оған қоса шашының сәніне дейін жастар қайталап жатты.

Бұрындары әншілер саxынада тек қара костюм шалбар кисе, тастармен өрнектелген түрлі костюмдерді Қайраттан соң кие бастады, 3д шоу концерттерді де қайталай бастады.

Тіптен әнші бола тұра кино түсіріп еді, олда әншілер арасында сәнге айналып кеткеніне көздеріңіз жетті деп ойлаймын.

Бұл жағдайға мен қатты қуанамын. Себебі: Қайрат үлкен-кіші демей бәріне жол сілтеді. Ал енді, қайта тілімізге келсек, жастарға үлгі болсын деп орысша сөйлетпегеннен соң, сөйлеп жаттықпаған тілде акцент міндетті түрде болады.

Сіздерге айтарым: өзге тілді сөйлемегені үшін емес, өз тілін білмегендер үшін кінә, мін іздесеңіздер болады. Қазаққа қазақ тілінде сөйледің, орыс тілін қате сөйлеп қойдың деп мұқата күлу, күлген адамның өзі дүбәрә жан. Көзі ашық, көкірегі ояу адам олай мұқатпайды.

“Балық басынан шіриді” деген. Сасық сөзді қойып, өз тілімізді құрметтейік ағайын! Намысшыл қазақпыз ғой, өзге елге өз-өзімізді күлкі етіп, мазақ болып кетпей оянайық Қазағым! “,- деп жазды Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында.

Бөлісу23Твит14
Алдыңғы лауазым

28 дегі жігіт 5 жасар қызды зорлап, денесін бөлшектеп сөмкеге салып лақтырып жіберген

Келесі лауазым

Жеңіс Ысқақова танымал тоқалдар жайлы: Біреуді жылатып,өзі бақытты бола алмайды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    8 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Қазнетте Африкада аң аулап Қазнетте Африкада аң аулап жүрген азаматтардың видеосы кеңінен таралуда. Кадрларда олардың қазақ тілінде еркін сөйлеп жүргенін байқауға болады. Жануарларды аяусыздықпен атып алып жүрген ер адамдардың қатыгездігін көрсеткен видео желі қолданушыларының ашуына тиді. 


Аталған видео YouTube желісіндегі Silk Road Youtube арнасында пайда болды. Онда олардың сафариде аң аулап жүргені байқалады. 
Қолында  мылтығы бар азаматтар, алдымен жирафты атып, кейін зебраны көлікке салып жатады. 

Ол аздай видео соңында олар жабайы буйволды жергілікті халыққа сойғызғанын көруге болады. 
Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді. 
"Біздің отандастырымыз экзотикалық жануарларды аулап жүрген видеоны көргеннен кейін, шыны керек, көңіліп құлазып, жаман әсерде қалдым. Білуімше, видео Африкада түсірілген. Мен мұны адамдар мәдениетінің ең төмен көрсеткіші деп білемін.
 Жалғасы төменде
"Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінд "Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінде Аяжан Еділова жерленді. Көңілді, белсенді, табанды, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні қылмыскердің құрбаны болды.

 Туыстары Аяжанның денесін мырыш табытқа салынған күйде алды. Орны толмас қаза, иманды болсын", - деп жазды Дина Таңсәрі. 

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазғанбыз. Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.  Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады. Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.
Қазақ поэзиясы қара жамылды!  Дүние — жалған, ажалдың атқан оғынан қырық жыл қашып Қорқыт бабамызда құтыла алмаған екен. Енді міне, Алаштың ардақтысы, бүгінгі қазақ поэзиясыны көш басы, нағыз ақын — 
Есенғали ағамыз бақилық болды.

Мына шалдар кетеді ертең, дау бар ма?
Біз өзіміз айналамыз «тауларға».
Мейірхандар қартаяды қудай боп,
Есенқұлға ақсақалдық ауғанда.

Мүлде бөлек ұлысы да ұраны,
Ойхой, шіркін, ел боламыз мұралы.
Өтежандар шығады ертең бізден де,
Енді, әрине, өзгелер де шығады.

Шығады өрге жүйріктер мен жабылар
Бүркіті бар,
Жапекеңі тағы бар,
Өзіміздің Олжасымыз болады,
Бір Олжасқа бір тәржіман табылар.

Бүгінгі күн Қадекеңде тұрған бақ
Ауысайын қайсыңа деп жүр барлап.
Н. Рубцов болам дейді Аманхан,
Сонда біздің Тоқашымыз кім болмақ?

Қазірден-ақ шаруасына тас, мығым,
Сейтқұлдар шығар, бәлкім, бастығым.
Байбота шал отырады балконда,
Қай пәтерде калды екен деп жас күнім.

Өрекпімей, байқай шабар ма екенбіз,
Өрге қарай шайқай салар ма екенбіз?
Қырық жастан асқаннан соң біздер де
«Атақ бер» деп айкай салар ма екенбіз?

Ұсақ емес, сақалар ма екенбіз,
Атан бермей, ат алар ма екенбіз?
Қазақ үшін жан қинамай жүріп-ақ,
Қазақ жазушысы атанар ма екенбіз?

Мұрагерің біз боламыз, жарық күн,
Сен де бізге басқа емессің, ғаріп түн.
Қасиетің де, қасіретің де – еншімде,
Қара өлеңі қазақ деген халықтың.

Әңгіме ме, болмас, бәлкім, болар шен,
Туады өлең – сене бергін, оған сен.
Жұлдыздардай самсап өлі тұрамыз,
Жұлдыздардай сирейміз біз содан соң…

Содан соң ба?
Күледі жел жындана,
Күрсінеді жасыл қала, гүл қала.
Содан кейін… отырады ойланып,
Біздер жайлы өлең жазып бір бала…
 
Есенғали Раушанов
Алматы, Қонаев пен Мақатаев Алматы, Қонаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысы. Видеоны жолдаған қала тұрғынының айтуы бойынша, мына азаматтар  қоғамдық көліктерді вирустан залалсыздандырумен айналысады. Жұмысшылар  есірткі пайдаланғандықтан жол бойында өздерін басқара алмай тұр.
Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Қоғамдық көлікте әйел адам Қоғамдық көлікте әйел адам әжейдің сөмкесін ақтарып, бағалы бұйым мен ақшасын іздеп жатыр. Жолда сақ жүріңіздер!

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.