Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтауда шұжық жеген бір отбасы түгелдей ауруханаға түсіп, олардың 3 жасар баласы шетінеп кетті

Жағдайы нашар 4 балалы отбасына жарамдылық мерзімі өткен шұжықты көршісі берген екен.

13.11.2018
0
Ақтауда шұжық жеген бір отбасы түгелдей ауруханаға түсіп, олардың 3 жасар баласы шетінеп кетті

Тағы да шұжықтан адам уланды! Ақтауда бүтін бір отбасы қуырылған шұжық пен макарон жеп ауруханаға түсіп, 3 жасар балалары  шетінеп кетті. Қазір мамандар оның қандай шұжық екенін біле алмай жатыр.

Бұл ет өнімін отбасы көршілерінен алған. Тұрмысы төмен отбасына шұжықты бергенде көршісі оның жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін ескертіпті. Әйтсе де, 4 баланың анасы шұжықты қуырып ортаға қойған.

Тамақтанғаннан кейін сәлден соң, 3 жасар ұлының іші қатты ауырған. Анасы ішін арнайы ерітіндімен тазартқан соң ұйықтап қалса керек. Түнде қалған отбасы мүшелері де іштері өтіп, құса бастаған. Ал, таң ата жедел жәрдем келгенде 3 жасар сәби шетінеп кетті.

Қазір анасы 3 баласымен аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Әкелерінің жағдайы жақсы, үйіне жіберілген. Баланың өліміне себеп болған жағдай қазір тексерілу үстінде. Бірақ, мамандар әзірге олардың қандай шұжық жегенін біле алмай дал. Өйткені қолданған шұжықтың не өндірушісін, не атауын ешкім білмейді.

«Ауруханада жатқан отбасы мүшелерінің жағдайы қалыпты. Өмірлеріне қауіп жоқ.Олар өздерінің сүрленген шұжық жегендігін айтады.

Егер олар ертерек медициналық көмек сұрап, дәрігер шақыртса баланы аман алып қалуға болар еді.Өкінішке орай,олай етпеген»,- дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Азамат Сәрсенбаев.

Бөлісу13Твит8
Алдыңғы лауазым

Күйзелісте жүрді: Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген үндістандық студенттің соңғы күндері жайлы достары айтты

Келесі лауазым

Тыл ардагері: Соғыста көрмеген қорлықты немерелерімнен көріп жатырмын

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.