Среда, 29 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Күйзелісте жүрді: Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген үндістандық студенттің соңғы күндері жайлы достары айтты

31 жастағы әйел шетелдік азаматпен бір түн бірге болған. Бірақ олардың неге жанжалдасқаны қазірге белгісіз.

13.11.2018
0
Күйзелісте жүрді: Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген үндістандық студенттің соңғы күндері жайлы достары айтты

Алматыда үндістандық студентті өлтірді деген күдікпен 31 жастағы әйел қамауға алынды, деп жазды КТК арнасы.

Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде білім алған Кумар Хемант қала ішінен бір түнге пәтер жалдап, ұсталған келіншекпен бірге көңіл көтерген деседі. Таң алакеуімде жараланған студентті пәтер иесі көріп, жедел жәрдем шақыртыпты. Алайда, қансыраған Үндістан азаматы ауруханада тілге келместен жан тапсырды.

Қанды оқиға 9 қарашада осы пәтерде болған. Үндістандық студент бұл пәтерді бір түнге жалға алыпты. Қазір қылмыс болған жерде қан іздері сол күйі тұр.

Ал, өз аяғымен үйге кірген студентті таңертең пәтер иесі қансыраған күйі тауып, бірден полиция мен жедел жәрдем шақыртыпты.

Алайда денесі бірнеше жерден тілгіленген 23 жастағы Кумар Хемант тілге келместен ауруханада көз жұмды. Көпқабатты үйдің тұрғындары жантүршігерлік оқиғаны естіп, жағаларын ұстап отыр.

«Балалар бар өсіп келе жатқан. Ол қыз педофил ма, кім біледі? Пәтер берушілерді ешкім тексермейді. Заңсыз жұмыс істейді»,-дейді қала тұрғыны  Дина Шәмілова.

Үндістанның Бхаратпур қаласының тумасы Кумар Хемант Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетітінің 3-курсында оқыған.

Халықаларық медицина факультетінің ақылы бөлімінде білім алған шетел азаматы үлгерімі нашар болып, 2 жыл қатарынан бір курста оқыпты. Ал оған университет жатақхана бермеді деген ақпаратты білім ордасы теріске шығарды.

«Ол студент ешқандай өтініш білдірген жоқ. Тек бірінші курста жатақханада тұрды. Екінші курстан бастап ол жеке пәтерде тұрған. Қазір біз елшілікпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Университет көмек көрсетеді»,-дейді  Қазақ ұлттық медициналық университеті коммуникация басқармасының басшысы Марина Тян.

Курстастары Кумарды ешкімге зияны жоқ, қой аузынан шөп алмас момын жігіт еді деп еске алады. Сондай-ақ, отандастары оның соңғы уақытта күйзелісте жүргенін жеткізді.

«Оның мұндай оқиғаға тап болғанын бірінші рет естідік. Оқу үлгерімі нашарлап, бір жылға қалып қойғанда, күйзеліске түскені есімде. Өзімен-өзі жүретін еді»,-дейді К. Хенманттың курстасы Рави Сингамалла.

Ал көпқабатты үйде орнатылған бейнебақылау камерасы көмегімен тәртіп сақшылары қылмыстың ізін суытпай күдіктіні құрықтады. Ұсталған әйел марқұммен бірге көңіл көтеріп, ішімдік ішкен көрінеді. Түнде бірге болған екеуінің арасында жанжал туындап, күдікті үндістандық азаматқа белгісіз затпен тап берген.

Қамауға алынған келіншектің жүріс-тұрысы қандай болғаны тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін анықталады. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, кемі 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал болашақта дәрігер мамандығын алуы тиіс Кумар Хеманттың мәйіті ертең туған елі — Үндістанға жөнелтіледі.

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

жасөспірімдер әйелдерге арналған төсеніштерден есірткі жасап тұтынып келген

Келесі лауазым

Ақтауда шұжық жеген бір отбасы түгелдей ауруханаға түсіп, олардың 3 жасар баласы шетінеп кетті

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    51 бөлісу
    Бөлісу 20 Твит 13
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.