Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Илья Ильин спорттық формасын аукционға қояды

Спортшының аты-жөні мен қолтаңбасы бар форманың бастапқы бағасы әзірге белгісіз

16.11.2018
0
Илья Ильин спорттық формасын аукционға қояды

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің спорттық формасы аукционда сатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ауыр атлеттің спорттық формасы аутизммен ауыратын балаларды қолдауға арналған XI қысқы қайырымдылық маскарад кешінің аукционында сатылады. Қайырымдылық балын жыл сайын «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырады.

«Менен қорға не бере аласың деп сұрады. Ары ойлап, бері ойлап, мүмкін медальдарымды сыйға тартсам ба екен дедім. Бала кезде жеңіп алған марапаттарым өте көп. Бірақ бұл тым қарабайыр болып көрінді. Сондықтан спорттық формамды беремін деп шештім», — дейді Ильин Sputnik Қазақстан мультимедиялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, бұл оның былайша айтқанда «жауынгерлік формасы». 2015 жылы Грозныйда өткен чемпионатта киген екен.

«Спорттық формаларым арнайы тігіледі, ешбір жерде жоқ. Мен үшін әр чемпионат жеке бір тарих. Осындай форманың менде үшеуі бар. Бірі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың музейінде.

Кезінде Лондон Олимпиадасын жеңген кезде, өз қолымен сыйға тартқан едім. Екіншісі Алматыда өткен әлем чемпионатында киген формам. Бірақ оның қайда екенін, шынымды айтсам, білмеймін», — деп күлді ауыр атлет.

Ильиннің қайырымдылық аукционына берген формасында спортшының аты-жөні, қолтаңбасы бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аукционда сатылатын спорттық форманың бастапқы бағасы әзірге белгісіз.

«Қайырымдылық шараларына қатысудан ешқашан бас тартқан емеспін. Керісінше, ұнайды, мұны әрдайым айтып жүремін. Қазақстан азаматы ретінде бір-бірімізге қолдан келгенше көмектесуіміз керек деп санаймын. Маған идея ұнады, қуана-қуана келістім», — дейді ол.

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Тоқтар мен Бейбіттің төртінші перзенті дүниеге келді

Келесі лауазым

Пойызға қалай арзан билет алуға болатынын біле жүріңіз

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    44 бөлісу
    Бөлісу 18 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.