Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Назира Бердалы: Арымды сатсам, байлардың ортасында жүрер едім

Белгілі ақын желіде беті жылтырап, өмірі мен арын сатқан "байлар мен бақыттылар" туралы ашық айтты.

19.11.2018
0
Назира Бердалы: Арымды сатсам, байлардың ортасында жүрер едім

Ақын Назира Бердалы байлыққа қол жеткізу жолында барын салып, тіпті арын сатып жіберуден тайынбайтын жандар жайлы айтты. Ол мұндай ұсыныстар өзіне де келіп түскенін айтып, олардан бірден бас тартқанын жеткізді деп жазады KYN.KZ.

«»Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы». Қазақты ұлт ретінде сақтап келген дәл осы қағида еді.
Қазір…Бұл ұғымның ішек-қарыны ақтарылып, сыртына шығып кетті. Мал үшін жан беруге даярмыз-ау, арды былай қойғанда.

Әкем дүниеден өткелі бері ақ өлім жайлы көп ойлаймын. Менің әкем үнемі ат үстінде жүрді, қызметте болды, бізді ешқашан тарықтырған жоқ. Қолында біраз мүмкіндік бола тұра, ешкімнің ала жібін аттамады. Байлық жимады. Қиянат жасамады. Ажал сәті келгенде сөйлеп отырған жерінде, күлімдеген күйі жүріп кетіпті. Сары майдан қыл суырғандай…

Арыңмен келісімге келсең, адам өлтіріп те мал табуға болады. Бәрі сол ішкі таразының жұмысына байланысты. Ар жағы шикі екенін сезе тұра бүгін өмір сүріп қалуға тырысып жанталасатындар:

а) өз идеясына шексіз сенетіндер;
б) Құдайдың мейірінен күдер үзгендер (қатты қиындық көргендер) деп ойлаймын. Әйтпесе, мүмкін емес қой-біле тұра алдау, өзіңді де, өзгені де…

Мен «баймын, бай боламын, байыта көр» деп дұға жасамаймын. «Қайырсыз ақшадан сақта» деймін. Қазіргі псиxологтардың пайымынша бұл кедейлік псиxологиясы шығар. Миымда кедергілер көп, бәлкім? Бола берсін.

Елді жылатып салған үйі өртеніп кеткен, жалғыз баласы жамандыққа ұшыраған, жазылмас дертке шалдыққан талай байды көрдім. Қайырсыз ақшадан сақта! Қайта оларды Құдайдың жақсы көргені шығар деп ойлаймын, есепті осы дүниеде түгендеген. Маған тағдыр қанша рет оңай ақша ұсынғанын, ақшаға ар сатудың қанша мүмкіндігі болғанын сіздер білмейсіздер!

Байлықты таңдасам, қазір сол байлардың қатарында жүрер едім. Сөзсіз. Мидағы кедергілер жайлы айттым ғой, солар мені үнемі сақтап қалатын. Басқаша айтқанда, Құдай сақтайтын!

Сол себепті, мен көзім анық жетпеген, күмәнді кәсіппен айналыспаймын. Таза еңбекпен мал тауып жүргендерді қатты құрметтеймін! Жалпы, кәсіп деген — өзің жасаған бұйымды немесе бойыңдағы өнерді сату. Журфакта Жарылқап ағай айтатын: егер сен газет шығарып, сол газетіңді көшеде тұрып сатсаң, кәсіпкерсің. Ал, біреудің шығарған газетін сатсаң — алыпсатарсың деп.

Әркім жан-дүниесіндегі бос кеңістікті бір нәрсемен толтыруға тырысады. Байлық қуу да жүректегі жыртықты жамаудың бір формасы. Бәрін түсінемін. Ешкімді айыптамаймын. Малым жанымның, жаным арымның садағасы!»,-деп жазды ақын Назира Бердалы.

Бөлісу24Твит15
Алдыңғы лауазым

2019 жылғы Рамазан айы мен Құрбан айт күні белгілі болды

Келесі лауазым

Қазақстанның энергетика вице-министрі қамауға алынды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    44 бөлісу
    Бөлісу 18 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.