Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтөбеде белгісіз біреу үйлерді шетінен өртеп, бүкіл ауылды үрейде ұстап отыр

Он күннің ішінде он үй өртенгендіктен халық түнгі уақытта ауылды кезекпен күзететін жағдайға жеткен.

21.11.2018
0
Ақтөбеде белгісіз біреу үйлерді шетінен өртеп, бүкіл ауылды үрейде ұстап отыр

 Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосестек ауылының тұрғындары бүгін кімнің үйінен өрт шығады деп алаңдап отырады, себебі небәрі он күн ішінде он үйдің қорасындағы шөп өртенген, деп хабарлайды КТК.

Қасақана от қойып жүрген қаскөйді ауыл тұрғындары жабылып іздеп жүр. Ол үшін күні-түні кезекшілік ұйымдастырыпты. Қылмыскердің әккілігі сонша – бүгін ауылдың бір шетіндегі шөпті өртесе, ертесіне екінші шетінен өрт шығады. Ал жапа шеккен тұрғындар қыста малымызды қалай асыраймыз деп зар иелеп отыр.

«Мынау не деген сұмдық? Өртеген адамның ұяты бар ма екен? Біз осы шөпті қыстыққа жинадық. Осы малмен балаларымызды асырап отырмыз. Өзіміз жұмыс істемейміз. Мен қорқып қалдым. Бара-бара мүмкін үйде жанатын шығар», — деп мұңын шақты Қосестек ауылының тұрғыны Гүлнәр Алманова.

Арам ниетті кісі шөп өртегенімен қоймай, үй ауласына ескерту хатын тастап кетеді екен.

«Жау сырттан келмейді, арамыздағы адам. «Руслан, сен келесісің. Дайындал. Шөбі бар адамдар 50 мың теңгелеріңді дайындап қойыңдар» депті», — дейді тағы бір тұрғын Тәңірберген Бәйменов.

Қосестек ауылдық округінің әкімі Гүлжан Досмағанбетованың айтуынша, жергілікті билік жеке шаруа қожалықтарынан былтырдан қалған шөпті алып, зардап шеккен ауыл халқына жеткізіп бермекші.

Қазір бұл жұмбақ жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тұрғындардың бірі күдікке ілігіпті. Оның жазуын хатпен салыстыру үшін сараптамаға жіберген екен.

Бөлісу12Твит8
Алдыңғы лауазым

Серікбол Сайлаубекті тойда "қорғаған" күзет агенттігі жазаланатын болды

Келесі лауазым

Астанада  вокзал қызметкерлері жүкті әйелдің өмірін аман алып қалды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.