Көпбалалы әке атанғысы келетін актерге әйелі үшінші әйел алуға өзі кеңес берген.
«Көпбалалы әке атану үшін үшінші әйел алу керек-ау?! Оның үстіне маған үй жинайтын, тамақ істейтін, киім үтіктейтін, бала қарайтын адам керек», — деді Ақбота Айдарбекова.
Ал бұл ұсынысты әзіл ретінде қабылдаған актер де өз пікірін білдірген.
«Үшінші әйел? Мен мәжбүрлеген жоқпын. Өзің айттың», — деп күлді Дәурен Айдарқұлов.
Айта кетейік, актердің бірінші отбасында бір ұлы мен екі қызы бар. Ал Ақбота-Нұр оған Ибрахим есімді ұл тауып берді.
Қазір «Кешьюдің» бұрынғы әншісінің екінші перзентіне аяғы ауыр.