Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақстанда 16 жастан бастап түсік жасатуға заңмен рұқсат етілуі мүмкін 

Мамандар оқушыларды бастауыш сыныпты бітірісімен жыныстық қатынас туралы сауатын ашуымыз керек деп отыр.

23.11.2018
0
Қазақстанда 16 жастан бастап түсік жасатуға заңмен рұқсат етілуі мүмкін 

Түсік жасату үшін ата-ананың рұқсаты керек емес. Денсаулық сақтау министрлігі қыз балаларға 16 жастан бастап ата-анасының келісімін алмай-ақ жасанды түсік жасата беруді заңға енгізгісі келіп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты  KTK арнасына сілтеме жасай отырып.

Яғни, жасөспірімдер өз бетінше шешім қабылдай бермек. Ал психологтар адам тағдырына қатты әсер ететін бұндай жағдай жастарға тым ауыр тиетінін айтып отыр.

Қазіргі заңнама бойынша кәмелетке толмаған қыз балаларға медициналық көмек көрсету үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі міндетті түрде керек. Денсаулық сақтау министрлігі осыны кедергі деп, заңнан алып тастағысы келеді.

«Жасөспірімдер 16 жастан бастап өз бетінше шешім қабылдайтын болады. Бұл әлемде бар тәжірибе. Қазір аяқасты бала көтеріп қалған қыздар көбейіп барады. Ал осы заң арқылы жүктіліктің ерте кезеңінде тиісті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді»,-дейді  ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева

Яғни, қыз бала өз бетінше шешім қабылдайды да оған ата-анасы немесе заңды өкілі араласпайды. Дәрігерлер де жасанды түсік жасау үшін үлкендерден рұқсат сұрап жатпайды. Адам өз тағдырын өзі шешетін болса да бұндай жағдай жасөспірімдердің таным-түсінігіне тым ауыр дейді психологтар.

«Осындай кішкентай қыздарды  түсікке апару тығырықтан шығудың жолы емес. Барлық мектептерге барып, сол қыз балалармен, жігіттермен сөйлесу керек жасөспірім кезінен бастап. Жыныстық сауатын ашу қажетпіз»,- дейді психолог Әсия Мәмбеталина.

Ресми деректерге қарасақ, ерте бастан жүкті болған жас қыздар азаймай отыр. Былтырдың өзінде олардың саны 3 жарым мыңға жетіп қалған. Әйтсе де заңға енгізуге ұсынылған бұл өзгерістер алдағы уақытта қоғам талқысына түсуі керек. Ал әзірге аяғы ауыр жас қыздардың жағдайына болысатын елімізде 105 жастар денсаулығы орталығы жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу9Твит6
Алдыңғы лауазым

Ақбота  Дәуренге үшінші әйел алуға рұқсат берді

Келесі лауазым

Фариза қысқа көйлек кигені үшін ағасы Төреғалидің өзін қалай ұялтып тастағанын айтып берді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.