Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Таразда халықтың үрейін ұшырған базардағы өрттің неден шыққаны анықталды

Енді базар қожайынына ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

27.11.2018
0
Таразда халықтың үрейін ұшырған базардағы өрттің неден шыққаны анықталды

Тараз халқының үрейін ұшырған базардағы өрттің неден шыққаны анықталды. Сауда орталығында қауіпсіздік ережелері сақталмаған болып шықты. Нәтижесінде электр сымдары қысқа тұйықталып, өрт шыққан. Бұл туралы КТК арнасы жазды.

Әлеуметтік желілерде халық “Ауыл береке” базары өртке оранды деп шуласқан еді. Бірақ та отқа оранған аумақ өзге кәсіпкердің меншігі болып шықты. Қазіргі уақытта өртеніп кеткен сауда орнынан ештеңе қалмаған. Ал шығынды қалыпқа келтіру оңайға соқпайтын секілді.

Өрт шыққан кезде тараздықтардың жүрегі дір еткені рас. Аяқ астынан тұтанған от лезде дүңгіршіктердің дымын қалдырмады. Ал тауарын ойлаған саудагергер отқа түсуден де тайсалмады.

Ақырында 8 техника мен 51 өрт сөндіруші жұмылдырылып, бір сағатта өрт сөндірілді. Десе де, 22 сауда орнының күл-талқаны шықты. Ондағылардың дені киім сату орындары болыпты.

Ал базар басшысы журналистерге жауап беруден бас тартып, 8 кәсіпкерге бас-аяғы 580 мың теңге шығын келгенін растады. Басшылық кеткен шығынды өзім төлеймін деп отыр. Өзінің кінәсін сезіп тұрғандай.
Себебі өрт қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан тұтанған. Бұл орайда жауапты мамандар неліктен базарда тексеру жұмыстары жүргізілмегенін түсіндірді.

“Нысанға тексеру жұмысы жүргізілмеді. Себебі Жәнібекова сауда бутиктерін жалға басқа жеке кәсіпкерге беріп жіберу салдарынан кәсіпкерлік кодексте тиісті норманың жоқтығына байланысты тексеру жүргізе алмадық.

Электр сымдарының қысқа тұйықталуы өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болған”, – дейді Жамбыл облыстық ТЖД басқарма бастығы Мақсат Әкімбаев.

Бөлісу8Твит5
Алдыңғы лауазым

Қазақстанда оқушыларға мүшеқап тегін таратылуы мүмкін

Келесі лауазым

Маңғыстау тұрғыны пәтерін бүргеден тазалаймын деп көршілерін өлтіріп алды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    44 бөлісу
    Бөлісу 18 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.