Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Аида Балаева: Денистің қазасын естігенде екі-үш күн бойы жыладым

Балаева Абай ауылында зорланған баланың жағдайы туралы да айтып берді

28.11.2018
0
Аида Балаева: Денистің қазасын естігенде екі-үш күн бойы жыладым

Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева VІІІ Азаматтық форумда сөз сөйлеп, көптің көкейінде жүрген мәселелер мен мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына қатысты ойымен бөлісті деп хабарлайды baq.kz.

Балаеваның айтуынша, ол Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан жарық жұлдыздың мерт болғанын естігенде үш күн бойы көз жасын тыя алмапты.

«Денис Тен мен Абай ауданындағы баланың зорлану жағдайын ең алдымен, адам, ана ретінде қабылдадым. Ол өте тәрбиелі, ақжарқын әрі мейірімді жігіт болатын. Біз онымен бірге «Денис және достары» атты мұз айдынындағы шоуын әзірлеген едік. Мен үшін бұл қайғылы оқиға болды. Ол кезде мен демалыста едім. Қызым екеуміз екі-үш күн бойы жыладық. Себебі, өмірге құштар жігіттің видеосы мен пікірін жыламай қарау мүмкін емес еді», — дейді ол.

Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің қызметкері елді дүр сілкіндірген Абай ауданындағы мектеп оқушысының зорлық оқиғасы туралы да үнсіз қалмады.

«Біз күнделікті тірлікте бәрі де дұрыс шығар деп жүреміз. Бірақ, мұндай жағдайлар өкінішке қарай болып жатады. Осы ретте ұйымдар мен қоғамдық көшбасшылар бұл жағдайды бақылауға алып, қолдан келгеннің бәрін жасады. Кінәлілер жауапкершіліктен жалтарып кеткен жоқ», — деді Балаева.

Сөз соңында ол қайғылы оқиғалардың халық үшін сабақ болуы керектігін айтып өтті. Қанша ауыр болса да өмір көші тоқтап тұрмайтынын, тек өткенге қарап бой түзеп, алға қарай ұмтылу маңызды екенін алға тартты.

Бөлісу7Твит4
Алдыңғы лауазым

Түсіпбаева: Балаларын тойға шығаратындарды ата-ана құқығынан айыру керек

Келесі лауазым

Қайрат Нұртасқа қатты ғашық бойжеткен өзіне қол салмақшы болды (видео)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.