Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Баланың миы шайқалып, беті тілінген: Cемейде балконнан банка лақтырған әйел сотталды

Әйел адам баланың моральдық және материалдық шығынын өтеуі тиіс

05.12.2018
0
Баланың миы шайқалып, беті тілінген: Cемейде балконнан банка лақтырған әйел сотталды

 Семейдің №2 қалалық сотының үкімімен тұрғын әйел 700 мың теңгедей өтемақы төлеуге міндеттеліп, жарты жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 10-қабаттағы балконда тұрып, үш литрлік банканы қолынан түсіріп алыпты.

39 жастағы сотталушы Наталья Сергееваның сөзіне сүйенсек, ол мұны әдейі жасамаған, жазатайым оқиға екен, деп жазады Altaynews.kz.

Әйелдің айтуынша, төтенше жағдай күні балконда үш литрлік банканың ішіндегі жұмыртқаның қабығын қағып түсірмек болғанда, абайсызда қолынан шығып кетеді. Салдарынан банка төмендегі үш баланың бірінің басына құлаған.

Тоғыз жастағы бала қатты жарақат алады. Миы шайқалып, әйнек бетін тілгілеп тастаған. Жарақат ізі өмір бойы кетпейтінін ескеріп, сарапшылар оқиғаның салдарын денсаулығына ауыр зиян келтіру деп бағалады.

Ал отбасының адвокаты хабарлағандай, сотталушының сөзі жалған, мұны тергеу амалдарынан байқауға болады.

«Банканы байқаусызда түсіріп алса, ол жерге жетпес еді. Балалар отырған жер 9 метр 80 сантиметр қашықтықта болған. Әдейілеп лақтырғанда ғана балаларға тиетін еді. Біздіңше, сотталушы мұны қасақана жасаған», — дейді жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірхан Сейілбаев.

Үкім шығарған кезде сот оқиға күні әйел адамның мас болғанын ескерді.

Әйел алты айға бас бостандығынан айырылып, моральдық және материалдық шығын ретінде 663 мың сома төлеуге міндеттелді.

Бөлісу11Твит7
Алдыңғы лауазым

Лидия Кәденованың келіні алғаш рет ажырасу себебін айтты

Келесі лауазым

Өзінен 14 жас үлкен әйелді екі баласымен алған жігіт оған қалай ғашық болғанын айтып берді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.