Воскресенье, 18 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

2019 жылдан бастап Қазақстанда ұялы байланыс ақысы арзандайды

Ұялы байланыс операторлары қызмет құнын 50 пайызға дейін түсіруді жоспарлап отыр.

10.12.2018
0
2019 жылдан бастап Қазақстанда ұялы байланыс ақысы арзандайды

 Қазақстанда келесі жылдан бастап мобильді байланыс пен интернет бағасы төмендейді. Бұл туралы бүгін ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, байланыс операторлары халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы мен жалпы барлық абонент үшін әлеуметтік тариф енгізуді ұсынған.

“Қазақтелеком” 2019 жылдың 1 қаңтарынан жаңа тарифтік жоспар енгізбекші. Абоненттік төлемі – 3499 теңге, бұған дейінгі тарифпен салыстырғанда 5 процентке төмен. Оның ішіне 10 мегабит интернет, тегін телефон байланысы, Қазақстан бойынша және “Алтел” мен “Tele2″ нөмірлеріне лимитсіз қоңырау шалу кіреді”, — деді Тұяқов тарифтерді төмендету мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде.

Сондай-ақ, оның айтуынша, KazTransCom компаниясы да абоненттерді қосу қызметінің құнын 50%-ке дейін төмендетіп, абоненттік төлемге 10% жеңілдік жасайды. Бұған қоса, интернет үшін абоненттік төлемді 15 процентке арзандатады.

Ал “Транстелеком” компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін қызмет құнын 5%-ке төмендетуді ұсынған.

“Компания, жалпы, аталған оператордың тарифтері өте төмен екенін атап өтті. Ауылды жерлерде байланыс құны 529 теңгеге жуықтаса, қала тұрғындары үшін 797 теңге”, — дейді вице-министр.

Ал “Кар-Тел” компаниясы (Beeline) “Әлеуметтік” деп аталатын тарифтік жоспарлардың жаңа түрлерін ұсынған. Олар “Әлеуметтік”, “Әлеуметтік плюс” және мұғалімдерге арналған тарифтік жоспар.

“Аталған тарифтік жоспарлар бойынша байланыс қызметінің құны 50 процентке дейін төмендемек. Егер бұған дейін ол 1300 теңге тұрса, қазір 590 теңгені құрайды”, — деді ол.

Тұяқовтың айтуынша, Kcell де “Комфорт XS плюс” атты жаңа тарифтік жоспар енгізеді.

“Олар да ай сайынғы абоненттік төлемді ескере отырып, тарифті 50 процентке төмендетеді. Қазір құны 2590 теңге болса, енді ол 1390 теңгеге дейін түседі”, — деді министрдің орынбасары.

Әзірге тек “Мобайл Телеком-Сервис” (“Алтел” мен “Tele2”) компаниясынан ғана байланыс қызметінің құнын төмендету туралы ұсыныс түспеген.

Бөлісу9Твит6
Алдыңғы лауазым

Абай Бегейдің қызы марқұм анасына ән арнап, көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)

Келесі лауазым

Қарағанды тұрғыны жұмыртқадан "Алла" жазуын байқаған (фото, видео)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    8 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Қазақстанда тұрып, мемлекетті құраушы ұлттың тілі мен дінін, салтын сыйламауды, сыйламайтындарды  не және кім деп атаймыз?
Қазнетте Африкада аң аулап Қазнетте Африкада аң аулап жүрген азаматтардың видеосы кеңінен таралуда. Кадрларда олардың қазақ тілінде еркін сөйлеп жүргенін байқауға болады. Жануарларды аяусыздықпен атып алып жүрген ер адамдардың қатыгездігін көрсеткен видео желі қолданушыларының ашуына тиді. 


Аталған видео YouTube желісіндегі Silk Road Youtube арнасында пайда болды. Онда олардың сафариде аң аулап жүргені байқалады. 
Қолында  мылтығы бар азаматтар, алдымен жирафты атып, кейін зебраны көлікке салып жатады. 

Ол аздай видео соңында олар жабайы буйволды жергілікті халыққа сойғызғанын көруге болады. 
Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді. 
"Біздің отандастырымыз экзотикалық жануарларды аулап жүрген видеоны көргеннен кейін, шыны керек, көңіліп құлазып, жаман әсерде қалдым. Білуімше, видео Африкада түсірілген. Мен мұны адамдар мәдениетінің ең төмен көрсеткіші деп білемін.
 Жалғасы төменде
"Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінд "Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінде Аяжан Еділова жерленді. Көңілді, белсенді, табанды, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні қылмыскердің құрбаны болды.

 Туыстары Аяжанның денесін мырыш табытқа салынған күйде алды. Орны толмас қаза, иманды болсын", - деп жазды Дина Таңсәрі. 

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазғанбыз. Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.  Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады. Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.
Қазақ поэзиясы қара жамылды!  Дүние — жалған, ажалдың атқан оғынан қырық жыл қашып Қорқыт бабамызда құтыла алмаған екен. Енді міне, Алаштың ардақтысы, бүгінгі қазақ поэзиясыны көш басы, нағыз ақын — 
Есенғали ағамыз бақилық болды.

Мына шалдар кетеді ертең, дау бар ма?
Біз өзіміз айналамыз «тауларға».
Мейірхандар қартаяды қудай боп,
Есенқұлға ақсақалдық ауғанда.

Мүлде бөлек ұлысы да ұраны,
Ойхой, шіркін, ел боламыз мұралы.
Өтежандар шығады ертең бізден де,
Енді, әрине, өзгелер де шығады.

Шығады өрге жүйріктер мен жабылар
Бүркіті бар,
Жапекеңі тағы бар,
Өзіміздің Олжасымыз болады,
Бір Олжасқа бір тәржіман табылар.

Бүгінгі күн Қадекеңде тұрған бақ
Ауысайын қайсыңа деп жүр барлап.
Н. Рубцов болам дейді Аманхан,
Сонда біздің Тоқашымыз кім болмақ?

Қазірден-ақ шаруасына тас, мығым,
Сейтқұлдар шығар, бәлкім, бастығым.
Байбота шал отырады балконда,
Қай пәтерде калды екен деп жас күнім.

Өрекпімей, байқай шабар ма екенбіз,
Өрге қарай шайқай салар ма екенбіз?
Қырық жастан асқаннан соң біздер де
«Атақ бер» деп айкай салар ма екенбіз?

Ұсақ емес, сақалар ма екенбіз,
Атан бермей, ат алар ма екенбіз?
Қазақ үшін жан қинамай жүріп-ақ,
Қазақ жазушысы атанар ма екенбіз?

Мұрагерің біз боламыз, жарық күн,
Сен де бізге басқа емессің, ғаріп түн.
Қасиетің де, қасіретің де – еншімде,
Қара өлеңі қазақ деген халықтың.

Әңгіме ме, болмас, бәлкім, болар шен,
Туады өлең – сене бергін, оған сен.
Жұлдыздардай самсап өлі тұрамыз,
Жұлдыздардай сирейміз біз содан соң…

Содан соң ба?
Күледі жел жындана,
Күрсінеді жасыл қала, гүл қала.
Содан кейін… отырады ойланып,
Біздер жайлы өлең жазып бір бала…
 
Есенғали Раушанов
Алматы, Қонаев пен Мақатаев Алматы, Қонаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысы. Видеоны жолдаған қала тұрғынының айтуы бойынша, мына азаматтар  қоғамдық көліктерді вирустан залалсыздандырумен айналысады. Жұмысшылар  есірткі пайдаланғандықтан жол бойында өздерін басқара алмай тұр.
Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.