Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Үш әйел алған түркістандық қария төртіншісіне үйленуді жоспарлап отыр

72 жастағы ақсақал көп әйелді тату-тәтті ұстаудың құпиясын ашты.

11.12.2018
0
Үш әйел алған түркістандық қария төртіншісіне үйленуді жоспарлап отыр
Түркістан облысының Жетісай ауданында тұратын Сапаралы Серікбаев үш әйелінен он ұл-қыз тәрбиелеп өсірді.
Қарияның тоқал мен нақсүйер алуына бәйбішесі мен балалары қандай көзқараста болды? Үш шаңырақты тату-тәтті ұстап отырудың сыры неде? Балалардың тәрбиесі кімнің мойнында? 72 жастағы қария Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында жан сырын ақтарды.

«Әкем теріс жүріп, қыздардың көз жасына қалма дейтін»

Серікбаевтар әулеті үшін көп әйел алу жат емес. Себебі Сапаралы ақсақалдың  әкесі де кезінде үш әйел алған екен. Одан 20 ұл-қыз тараған. Біздің кейіпкеріміз бәйбішенің ұлы. Әкесінің кіші әйелдерін «анашым» деп атаған.  «Әлі есімде менің анам әкемнің екіншісіне сіңлісіндей құрмет көрсетті.

Бір-біріне сыйы ерекше болды. Үшіншісімен де қарым-қатынасы жақсы болды. Үш әйел де тату болған соң балалар да бауырмал болып өсті. Мынау бәйбішенің не тоқалдың баласы деп бөле-жармаймыз бір-бірімізді. Негізі марқұм әкем» биең көбейсе, құлын да көбеймек, не істесең де адал бол.
Арам жолға түспе. Некелеп ал. Ешқашан сүрінбейсің. Некеде дүниеге келген баланың да жүзі жарқын, тәрбиелі болады» деп үнемі ақылын айтып отыратын» деп әңгімесін бастады ақсақал.Айтуынша, әкесі «қыз баласының көз жасына қалма» деп құлағына құйып өткен. Бірақ бірнеше әйел ал деп ешқашан үгіттемепті.»Өз қалауыммен некесін қиып алдым кейінгілерімді», — дейді түркістандық қария.Тоқалымен некесін бәйбішенің көзінше қидырған

Сапаралы Серікбаев аудандағы мәдениет үйінде қызмет етіп жүріп екінші рет үйленуге шешім қабылдайды. Шешімін бәйбішесіне келіп айтады. «Кеңес үкіметі заманы. Көп әйел алу деген қатты бақылауда болды. Екіншімді үйге алып келіп, түн ішінде ауылдың имамын шақырып, некемізді қара шаңырақта қидырдық.

Ол үйде бәйбішеммен бірге тұрғанмын. Өзімнің туыстарым мен қайын ағаларымды шақырып, батасын алдым. Алғашында оның ағалары қарсы болғанымен, бәйбішем өзі рұқсатын бергенін айтты»,-деді ақсақал.Бәйбіше мен тоқал бір ауылда екі бөлек шаңырақтың астында тұрған. Қандай да жиын болса, отағасы екі әйелін жанынан тастамаған. Ол заманда екі әйелі бар деп билік тарапынан талай арыз да түскен екен. Сапаралы Серікбаев 50 жасқа толып, дүркіретіп той өткізеді.
Бұл қуанышты бәйбіше мен тоқал той иесі ретінде бірге атқарыпты.Арада жылдар өтіп бәйбіше өмірден озады. Бұл кезде отағасы тоқалмен бірге тұратын. Кейінірек аяқ-қолы мазасын алып, емшіге барады. Ең қызығы, оны екінші әйелінің өзі ертіп апарыпты. Арада сезім оты тұтанып, Сапаралы Серікбаев сырқатын емдеп берген келіншекпен шаңырақ көтереді. Ол қазір Ордабасы ауданында. Бірақ, балалары үлкен шаңыраққа жиі келіп тұрады.Үш әйелден тараған балалар бір үйдің балаларындай тату-тәтті

Қария үш әйелінен 10 ұл-қыз сүйді. Бүгінде 15 немере мен 10 шөберенің қызығын көріп жүр. Ерекше атап өтерлігі, үш шаңырақтан тараған балалар бір-бірімен араласады. Тіпті тоқалдың ұлы сабақтан келерде бірінші кезекте бәйбішеге барып, сәлем беретін болған екен. Бәйбішенің үлкен ұлдары екінші әйелді «анашым» десе, кейінгілері «жеңге» деп атайды. Қысқасы, бұл әулетте қандай да жиын өтсе, үш шаңырақтың перзенттері бас қосады.

Бөлісу8Твит5
Алдыңғы лауазым

Танымал актер Заттыбек Көпбосынұлының баласына ерекше сыйлық жасады (видео)

Келесі лауазым

Павлодар әкімі 50 миллион теңгеге үй алғаны үшін жазаланды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.