Вторник, 30 мая, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Министр мұғалімдер жалақысы қалай көтерілетінін түсіндірді

28.08.2020
0
Министр мұғалімдер жалақысы қалай көтерілетінін түсіндірді

Сонда бір сыныпты екі топқа бөлуге тура келеді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекші топтарға сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы қалай көтерілетінін түсіндірді. 

Министрдің айтуынша, бұған дейін бастауыш сыныптардың мұғалімдері жүктеменің аз болуына шағымданатын. Себебі типтік жоспар бойынша 1-сыныптарда 24 сағаттық жүктеме болса да, ағылшын тілі, дене шынықтыру сияқты сабақтарды басқа мұғалімдер өткізеді. Сонда бастауыш сынып мұғалімдерінің жүктемесі 15-16 сағатқа дейін азайып, «бір ставкаға» да жетпейтін.

Биыл кезекші сыныптарда бір топта тек 15 оқушы ғана білім алады. Ондайда мұғалім жүктемесі артады, жалақысы да өседі.   

«Мәселен, бұрын бір сыныпта 30 оқушы болса, кезекші сыныптарда 15 бала болады. Сонда бір сыныпты екі топқа бөлуге тура келеді. Демек, мұғалімнің жүктемесі артады.

Бірақ қосымша жұмыс үшін қосымша ақы төленеді. Жеке жүктемесі 28 сағатқа жетсе, сол уақыттың еңбекақысын алатын болады», — деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, бір мұғалім сабақты оффлайн және онлайн форматта бере алады. Ол жағынан ешқандай шектеу жоқ. Ал қосымша жүктеме үшін берілетін ақша үстемеақыға жатпайды. Бұл – тариф бойынша төленетін жалақы.

«Иә, бұл — әдеттегі тарификация, кәдімгідей жалақы. Оны білім беру ұйымының басшысы шешпейді. Барлығы нормативтік актілерде жазылған. Біз оны жіті бақылайтын боламыз. Мәселен, 18 сағат – бұл бір ставка.

Егер мұғалімнің жүктемесі 25 сағат болса, онда тарификиция соған қарай жасалады да, жалақының көлемі өседі. Оны «үстемақы» деп атауға келмейді. Бұл – заң бойынша төленетін жалақы», — деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Бөлісу11Твит7
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1924 бөлісу
    Бөлісу 770 Твит 481
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1212 бөлісу
    Бөлісу 485 Твит 303
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1136 бөлісу
    Бөлісу 454 Твит 284
  • Оранған бойжеткенді зорламақ болған ұлттық қауіпсіздік қызметкеріне сот үкімі шықты

    1119 бөлісу
    Бөлісу 448 Твит 280
  • Алматыда 19- қабаттан секірген қыз туралы жаңа деректер шықты

    818 бөлісу
    Бөлісу 327 Твит 205
  • 16 жыл бұрын әйелінен айырылған Аманжол Әлтаев неліктен үйленбегенін айтты

    2075 бөлісу
    Бөлісу 830 Твит 519
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    555 бөлісу
    Бөлісу 222 Твит 139
  • Енесіне еркелеген Азамат Сатыбалдының жұбайы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    870 бөлісу
    Бөлісу 348 Твит 218
  • «Енді оларды ешкім алмайды» Имам мектеп бітіру кешінде вальс билеу үрдісін тоқтатуды талап етті

    835 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Оранған блогер хиджап кигені үшін ақша берілетінін және арнайы келісімшартқа отырғандарын мойындады

    994 бөлісу
    Бөлісу 398 Твит 249
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.