Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды
Қытайда бас бостандығынан өмір бойы айырылған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Апелляциялық шағым түсірген бойжеткеннің адвокаты Гуанчжоу сотының жазаны сол күйі қалдырғанын жеткізді.
Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқынның туыстары оның жазасын елде өтеу мәселесін қарастырып жатқанын айтады. Алайда отандасымызды экстрадициялауға ең алдымен өзінің келісімі қажет екен.
Ақжарқын Тұрлыбай алты жарым жылдай бұрын қамауға алынған. Оны есірткі алып өтпек болды деген күдікпен Гуанчжоу әуежайында тұтқындап, Қытай соты қазақ қызын өмір бойына бас бостандығынан айырған.
Кейін ол шешім күшін жойып, істі апелляциялық сот қайта қарады. Өткен жылдың соңында алғашқы үкім сол күйі қалдырылды. Одан кейін Ақжарқынның адвокаттары тағы да апелляциялық сотқа шағым жазым, жазаны жеңілдетуді сұраған. Бірақ одан да оң нәтиже шықпады.