Понедельник, 18 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Балаға кітапты қалай таңдау қажет?

Ең басты шарт – кітап баланың жасына сай таңдалуы қажет.

16.01.2020
0
Балаға кітапты қалай таңдау қажет?

Балаға кітап сатып алу айтарлықтай жауапты іс. Аналар мен әкелер өз баласына кітап сатып алу кезінде өте мұқият болулары қажет. Ең басты шарт – кітап баланың жасына сай таңдалуы қажет. Осы уақытқа дейін балалар оқуды мектепте үйренеді деген пікір қалыптасқан болатын. Ал бүгін біз білеміз, оқып үйренуге қажетті білім қорын бала мектепке дейін иеленеді. Зерттеушілер бала өмірінің алғышқы бес жылын «Ғажайыптар жылдары» деп атайды. Оқып үйренбестен бұрын бала сөйлеу қабілетін, тыңдай және сөйлей білуді жеткілікті дәрежеде меңгеруі тиіс деп хабарлайды KYN.KZ

4 АЙ
Бұл жастағы баланың қолы заттарды ұстауға икемделген, сондықтан дамытуға арналған кітаптарды таңдаған жөн. Көп жағдайда дамытуға арналған кітаптарды жасауда маталар, су өткізбейтін материалдар, бұдырлы заттар мен түрлі толтырғыштар қолданады. Бұл сияқты ктіаптар суреттерді қолмен ұстап көруге мүмкіндік береді, нәтижесінде баланың қолының ұсақ моторикасы жетіледі.

6 АЙДАН 3 ЖАСҚА ДЕЙІН
6 айлығынан балаға қалың беттері бар, әсіресе картоннан жасалынған кітаптарды ұсынуға болады. Үлкен және түрлі түсті суреттері бар кітапты таңдау керек. Бұл жаста бала әлі оқи алмайтын болғандықтан, сөздер мен сандардың көп болмағаны дұрыс. Бүлдіршіндер
суреттерді қарағанды жақсы көреді. Сол суреттерге қатысты шағын өлең шумақтары болса да жақсы. Оған осы тақпақты оқып жатқанда бала мағынасын түсінбесе де, жолдардың ұйқасын келтіретін сөздердің оның дамуына әсері зор екені сөзсіз.

3-4 ЖАСТА
Бұл жастағы балалар жануарлар мен өсімдіктер туралы тыңдағанды жақсы көреді. Пайдалы танымдық мәліметпен қатар, әдемі және сапалы суреттердің болғаны дұрыс.

4-6 ЖАСТА
Бала өте жылдам өседі, барлығын білгісі келеді, сондықтан барлық сұрақтарына жауап беретін балаларға арналған энциклопедиялар бұл жастағы бала үшін таптырмас кітаптар. Сондай-ақ, кітап-ойын немесе бояғыш кітаптар баланың көңілін аулап қана қоймай, оның зияткерлік
дамуына да септігін тигізеді. Кітап сатып алу кезінде оның өлшемдеріне назар аудару керек. Егер кішкентай кітап сатып алсаңыз, жазуы ұсақ болып, баланың көру қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, балалар оқи алмаса да, сөздердің ішінде таныс әріптерді іздейді. Ал
ұсақ жазудың ішінде таныс әріпті ажырата алмайды. Иллюстрацияларға да көп мән беріңіз, себебі бұл жастағы балалардың оларды қоршаған болмыс туралы түсінігі суреттерден қалыптасады, сондықтан иллюстрациялар да шынайы және табиғаттың заңдарына, басқа да заңдарға қайшы болмауы керек. Сурттердің түсі жылы, көзге бірден басылмайтын, баланың нәзік психикасын зақымдамайтындай болуы керек.

7-11 ЖАСТА
Әңгімелері бар кітаптарды таңдаңыз, себебі бұл жаста бала оқиғалар желісі қиынырақ әдебиетті де түсіне алатын кезі. Бұл жастағы бала шағын оқиғаның желісін жүйелеп, түсіне алады. Бала кітаптың келесі бетінде не туралы айтылатынын немесе оқиғаның немен аяқталатынын болжай алады. Сондай-ақ, кітаптағы оқиғаға қатысты өз ойын білдіре алады. 7-11 жастағы балаларға иллюстрациялары бар сурет таңдау міндетті емес. Кітап дүкеніне немесе кітапханаға ұлыңызбен немесе қызыңызбен бірге барып, балаға қызықты тақырыптарға кітаптарды қараңыздар. Мысалы, аттар, ғарышқа сапар, мәнерлеп сырғанау мен динозаврлар
– балаға қызықты кітаптардың кез келгенiн таңдай берiңiз. Балаңыз бастапқыда классикалық шығармаларды оқуға қызығушылық танытпаса, уайымдамаңыз. Біздің басты мақсатымыз – бұл жастағы балаларды әдеби шығармаларды оқуға мәжбүрлемей, кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылығын жоғалтып алмау.

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Баланың кітап оқуға деген зейінін ашу жолдары

Келесі лауазым

Баламен бірге кітапты қалай оқу керек?

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Балалар үйінің түлегі Бекебаев Самат жаңа заң әр отбасының берекесін қашырып  елдің тұтастығына үлкен қауіп екенін ескертеді.

Қазақстанның болашағы жетімге тола болады. Балалар үйінің түлегі жаңа заңға қатысты өзінің пікірін білдірді. 

Бекебаев Самат:  айта кетейін бізде жетімдер саны өте көп, және оны азайту мүмкін болмай жатыр. Бюджеттен асырап алуға бөлінетін қаржы да мәз емес. Сондықтан балаларды асырап алушыдан көрі тастаушылар көп. Егер жаңа заңнама қабылданса онда тірі жетімдердің саны алты есеге артады. Жеке басым мені бір емес бірнеше отбасы асырап алуға ниет білдірген. Алайда балалар үйінің басшылары немесе Шымкенттік басқарма басшылары апта сайын ай сайын мені асырап алған отбасылардың үйіне кез келген уақытта барып тексеру жүргізеді. Көптеген құжатқа байланысты кедергілер болады. Ал оған себеп мені балалар үйіне қайтару. Мен сияқты мыңдаған балалар үйінің түлектері бар. Көбісін бір емес бірнеше отбасы асырап қайта балалар үйіне әкелген. Болашағымыз жетім мен қарттар үйі тола болады. Қысқасы Ұлдарымызды Америка ға немесе шетелге емес, немесе балалар үйі мен түрлі жетімдер үйінде емес тек өз ата анасымен қалуды бұйырсын.
Ән қалай? Халықтың мұңы ма? Ән қалай? Халықтың мұңы ма?
Бұл ақынның ұсынысына не де Бұл ақынның ұсынысына не дейсіздер?
Оқушы мұғалімді састырды Оқушы мұғалімді састырды
Масқара! Жаңа заңды еңгізбе Масқара! Жаңа заңды еңгізбей жатып балаларды тартып алуда ма? 😡😡😡😡🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️
 Бұл сұмдықты тоқтатуды сұраймыз. Қолдасаңыз пікір жазып, қолдау көрсетіңіз.
Әнші кеше кешкісін аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Бүгін жеке палатаға шығыпты.

"Қайбір жылы Мейрамбек ауырғанда жалғыз ұлымның тілеуін тілемесем де, Мейрамбектік тілеуін тіледім", деп еді бір анамыз. ҚАЗАҚтың бағына туған баласы Мейрамбек бірнеше күн бұрын короновирустың жеңіл түрімен ауырып бастап еді, кеше кешкісін қысымы қатты көтеріліп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. АЛЛАға шүкір, бүгін жеке палатаға шықты. Жағдайы қалыпты. Мұсылманның қаруы - дұға. Әбіләшімұлы @abilashim11 Мейрамбек @m_besbaev үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. ҚАЗАҚтың Мейрамбегі, әулетінің тірегі, "МузАРТтың" жүрегі жүзге жетсін. 🤲🤲🤲",-деп жазды Сәкен Майғазиев.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.