Вторник, 19 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыда дезинфекция жасап жүргендер айлықтарын ала алмай отыр

26.11.2020
0
Алматыда дезинфекция жасап жүргендер айлықтарын ала алмай отыр

Жауаптылар атқарылған жұмыс үшін ақша екі күн бұрын аударылғанын айтты. Мердігерлер дезинфекция туралы барлық есепті ұсынғаннан кейін тағы да қаржы аудару жоспарланған

 Алматыда үйлердің кіреберісін зарарсыздандыратын мамандар екі аптадан бері атқарылған жұмыстың ақысын алмағанын айтып шағымданды. Олардың айтуынша, басшылық әрбір адамға кемінде 50 мың теңгеден қарыз. Пәтер иелерінің кооперативі атқарылған жұмыс туралы актілерді қабылдамаған.

Бұған дейін олар күн сайын бес мың теңгеден алып жүрген. Ал қазір қаланың коммуналдық қызметі атқарылған жұмыс туралы актілерді қабылдауды тоқтатқан, деп хабарлады КТК телеарнасы.

“Қазірдің өзінде біз инфекция ошағын дезинфекциялауды тоқтатқан жоқпыз. Өйткені жауапкершілік бар екенін түсінеміз. Бізде шамамен 100 үй бар. Қызметкерлер орта есеппен жұмысты кешкі сағат 10-да аяқтайды.

Тұрғын үй-коммуналдық қызмет біздің жағдайымызды түсініп отырған жоқ. Қызметкерлер актілерді алып аязда жүреді, қағазды басып шығарады. Ал олар бізге актілерді қайтарып жібереді. “Жұмысты аяғына дейін істеу керек” деп айтады”, – дейді дезинфекция жөніндегі менеджер Бабек Жұмақаев.

Жұмыс тобын әртүрлі нысанға тасымалдайтын жүргізушілер дизель отынын сатып алуға ақша жоқ екенін айтты. Оны мердігер ұйым төлеуі қажет. Алайда 10 күннен бері ер адам өз ақшасына жанармай құйып келеді. Айтуынша, оған шамамен 200 мың теңге қарыз.

“Күніне жанармайға шамамен алты мың теңге кетеді, тамақ бар, күніне маған 10 мың теңге керек. Бұл фирма. Оларға әкімдік ақша бермей отыр. Жазда бұлай қиын болған жоқ, себебі көліктің басым бөлігі дизель отынымен жүреді. Қазір ол қатып қалады. Таңертең көлік оталуы үшін оған түрлі қоспа қосамыз. Қыста шығын көп болады”, – деді жүргізуші Сабыр Нұрматов.

Сонымен қатар мердігер ұйым дезинфекция жасаушылардың қаладағы сегіз ауданның бесеуінде жұмыс істейтінін айтты. Ал жұмыстың сапасын коммуналдық қызмет тексереді. Есеп әкімдікке жіберіледі. Сол себепті шенеуніктер тексергеннен кейін ғана ақша шотқа жіберіледі.

“Шамамен өткен екі аптада ақша төлеген жоқпыз. Қомақты сомаға толтырылған актілер жатыр. Бұл шамамен 200 миллион теңге. Біз төлем жасауға актілерді тапсырдық. Ішкі процестерге байланысты төлем жасалмады”, – деді “Қала жарығы” ЖШС директоры Мейіржан Тоқтарақын.

Ал әкімдіктің айтуынша, бұл актілер тез тексеріледі, ақшаны да уақытында төлеуге дайын. Алайда тек сапалы атқарылған жұмыс үшін төлейтінін айтты. Көптеген қала тұрғыны кіреберіс пен көшелердегі тазарту жұмыстарына көңілі толмайды.

“Тұрғындар пәтер иелері коперативіне хабарласып, жұмыстың сапасыз жүргізілгенін айтатын жағдайлар кездеседі. Мұндай сәтте біз оларда қайтадан жібереміз. Біздің тарапымыздан орындалған жұмыстардың актілеріне қатысты мәселе жоқ, тексереміз, әрі қарай жұмысқа кетеді.

Мердігер ұйым кешіктіретін сәттер де кездеседі. Яғни, олар бізге орындалған жұмыстардың актісін кеш әкеледі”, – деп атап өтті Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Жандос Қайырханов.

Оның айтуынша, атқарылған жұмыстар үшін ақша екі күн бұрын аударылған. Мердігерлер дезинфекция туралы барлық есепті ұсынғаннан кейін тағы да ақша жіберіледі. Егер мәселе шешілмесе, дезинфекция жасаушылар еңбек инспекциясына жүгінеді.

Бөлісу2Твит1
Алдыңғы лауазым

Журналист қазақстандықтарды шетелден үй алуға үгіттеп жүрген әншілерді жауапқа тартуды сұрады

Келесі лауазым

Дәрігер коронавирустан қорғайтын дәруменге бай тағамдарды атады

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Көріпкел министр тағы болжам жасады
Қазақстандық QazСovid-in вакцин Қазақстандық QazСovid-in вакцинасын сынақтан өткізу кезінде ерікті қайтыс болса 500 мың теңге мөлшерінде сақтандыру көзделген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне клиникалық сынаққа қатысатын еріктілердің бірі хабарлады.
⠀
Қатысушының айтуынша, еріктілерге жарты миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төленетіні айтылған. Сертификатқа сәйкес, сынақ субъектісінде вакцинация салдарғаннан I, II, III топтағы мүгедектік немесе өлім жағдайы тіркелсе төлемақы беріледі. Сақтандыру 180 күнге (6 ай) жарамды.
⠀
Бұған дейін клиникалық сынаққа қатысқандарға 200 мың теңге көлемінде сыйақы төленетіні уәде етілген. Алайда, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ескерсе, түпкілікті сома шамамен 160 мың теңге.
⠀
QazСovid-in қазақстандық вакцинасын клиникалық зерттеу III кезеңнен тұрады және оған 3 мың адам қатысады. Еріктілер Алматы мен Тараз қалаларында қабылданды.
⠀
Вакцина салудың екі кезеңі бар: бірінші дозаны 1-күні, екінші дозаны – 21-күні салады.
⠀
QazСovid-in инактивтендірілген вакцинасын әзірлеумен биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты өткен жылдың наурыз айының соңынан бастап айналысады. Тамыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне ресми түрде енгізгені белгілі болды. Қазір клиникалық сынақтың III кезеңі өтіп жатыр.
Танымал актриса Бибігүл Ақтан Мәскеуге кетіп қалды. Ол не үшін қайтадан Ресейге көшіп кеткенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Білесіз бе, Мәскеуге оралуға мәжбүр болдым, мұнда болған бірнеше күнде көп ойландым, Алматыға баруға мүмкіндік болмады.

Қазір бәрі осылай болғанына қуаныштымын, өйткені ұзақ уақыт бойы шешім қабылдай алмаған едім. Өз парызымды, отаныма, туған-туыс, достарға деген махаббатымды сезініп жүрдім. Қазақстандағы жобаларға көп уақытым мен күшімді жұмсауым керек, тіл үйренейін, бос уақытымда отаныма жұмыс істейін, қолымнан не келетінін көрсетейін деп ойладым.

Шын мәнінде көпшілік разы болмады, «тілді жақсы білмейсің, дұрыс оқымайсың, сөздерді дұрыс айтпайсың» т.с.с.

Жобалар бойынша тиын-тебен ғана төлейді, оған өмір сүру мүмкін емес. Көбі достықты алдыға салады, «Бибігүл, біз доспыз ғой, қазір ақша болмай тұр, келесі жобада саған түсіңе кірмеген гонорар төлейміз» дейді. Мұның бәрі – бос сөз. Бұрыла бере артыңнан тас атады.

Көпке топырақ шашқым келмейді, ерекше жылы сезіммен еске алатын жақсы жобалар да болды. Ол туралы кейін айтып беремін.

Ресейге оралу туралы түбегейлі шешім қабылдадым. Мұнда менің мүмкіндігім көп, бұдан әрі уақыт жоғалтқым келмейді. Егер Қазақстанда қызық жобалар болса, келуге дайынмын.

Мен өз отанымды сүйемін, бірақ қашан қайтып келетінім белгісіз...», – деп жазды актриса.
Тест жауабы: тұлғалық артық Тест жауабы: тұлғалық артықшылық пен кемшілігіңізді анықтаңыз.
Тәжірибелі психологтың тұжырымымен келістіңіз ба? Комментарияға өз ойыңызды жаза өтіңіз.

1💥 Сіз- шығармашылықтың адамысыз. Сіз барлық жерге үлгеруге тырысасыз және қалағаныңызға қол жеткізіп үйренгенсіз.  Қадалған дүниені қолға түсіріп үйренгенсіз. Сіз перфекционистсыз. Сол үшін де қалағаныңыз болмай қалған кезде сізді  ашуландыру оңай. Әрі ойыңыз жүзеге аспай қала сіз үшін нағыз ақырзаман.

 2 💥Сіз бір затты барлығы сияқты көрмейсіз. Фантазияңыз бен ішкі суреттеуіңіз бөлек. Сізден жақсы жазушы шығады. Өмірде болған оқиғаны әдемі суреттеп, жақсы жеткізесіз. Сіз дүниенің әр құбылысына терең үңілгенді ұнатасыз, сондықтан да жаңашылдықты жаныңыз сүйеді.

3💥 Сіз жаратылысыңыздан кәсіпкерсіз. Сізге барлығының назары ауғанын қалайсыз. Бір уақытта бірнеше жұмысты қатар алып жүру жаныңызға рақат сыйлайды. Сіз қолға алған істі тастап кетуге арланасыз. Өзіңіздің еңбекқорлығыңыздың арқасында үнемі көздеген мақсатыңызға жетесі.

4💥 Сіз өзгелерге қарағанда жаңаша, ерекше ойлайсыз. Бірақ кейде сенімсіздігіңіз көп тежеуіш болады. Ойды жүзеге аспай қалады деп өзіңізді жиі тоқтатасыз. Бастаған істі аяқтау сізге көп жағдайда қиын. Сондақтан, бойыңыздағы сенімсіздікті жеңуге тырысыңыз, батыл болсаңыз сіздің болашағыңыз жарқын.  Қолға алған істі қалаған дәрежеде аяқтауға күшіңіз жетеді, тек өзіңізді тежемеңіз. 

Қалғаны комментарияда⬇️⬇️⬇️
Айнұр Тұрсынбаеваның шұжығ Айнұр Тұрсынбаеваның шұжығынан құрт шықты. Алып жеп көргендер бар ма? Рас па?
Иісі қазақ сүйсініп көретін "Тақиялы періште" фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы РАЙЫМБЕКОВ өмірден озды. 

Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын ауылда жүргізуші болып бастаған. 1965 жылы алғашқы "Ән қанатында" фильмінің спорттық іс-шараларына шақырту алады. 1966 жылы "Қилы кезең" фильміне түседі.

1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған "Тақиялы періште" (режиссері Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен танылады. Бұдан бөлек, "Көгілдір такси", "Қан мен тер" секілді оннан аса кинофильмге түскен. Бірнеше мерекелік медаль мен Құрмет грамоталарын алған. Алматы облысы Көксу ауданының да Құрметті азаматы.

Әлімғазы Райымбеков өмірінің соңына дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Кез келген іс-шараларда ақ батасын беріп, ел амандығын тілеп жүретін, немере-шөберелеріне үлгілі ата еді. Әлемді жайлаған індет, атың өшкір ковид тағы бір жақсы адамды ортамыздан алып кетті. Әйгілі актердің есімі әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.