Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Әйел «қиналып тұрмын» деп СМС жазған:Ақтөбеде дәрігерлер босану кезінде қайтыс болған келіншектің туыстарына жағдайды айтпай қойған

21.05.2021
0
Әйел «қиналып тұрмын» деп СМС жазған:Ақтөбеде дәрігерлер босану кезінде қайтыс болған келіншектің туыстарына жағдайды айтпай қойған

Жағдайды білуге келген марқұмның туыстарын перинаталды орталық директоры тәртіп сақшыларының көмегімен перзентханадан қуып шығуға тырысқан

Ақтөбеде перзентханада қайтыс болған келіншектің туыстары шу шығарды. 30 жастағы Аймира Атшыбаеваның бала босанамын деп бақилық болғанын дәрігерлер дер кезінде жақындарына естіртпеген. Тек, денесі мәйітханаға түскенде ғана аман туылған шақалақтың анасынан айырылып қалғанын біліпті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал келіншектің өліміне не себеп болғанын айтудан мамандар қашқақтап жүрген. Тіпті, қайғылы жағдайдың себебін сұрай барған қаралы отбасының мүшелерін перинаталдық орталықтың директоры қуып шықты.

Марқұм Аймира Атшыбаева соңғы рет перзентханада жұбайына хабарласып, қиналып жатқанын айтыпты. Мұны естіген бойда күйеуі орталыққа жеткенімен, дәрігерлер түн жарымына дейін оны ішке кіргізбей қойған. Тек, есікті теуіп кіргенде ғана әйелінің мейітханада екенін айтқан.

«Қиналып жатырмын деп жазып жіберген. Содан кейін телефоны сөндірулі болды. Біз деген сағат алтыдан бастап перзентхананың алдында жүрдік. Сағат түнгі 11-12-лерде есікті әрең ашып, іште күтіп отырдық. Содан соң барып өмірден өткенін айтты», – дейді марқұмның жұбайы Алтынбек Жұмағазиев.

Былтыр ғана тұрмысқа шыққан Аймираның бұл алғашқы жүктілігі. Тоғыз ай бойы тұңғышын көтеріп жүргенде денсаулығына қатысты еш шағым болмапты. Тек, босанар уақытынан күні асып кеткен. Перзентханаға бірнеше рет келгенімен, дәрігерлер оны кері қайтарып отырған.

«Тұңғышын босанайын деп тұр. Дәрігерлер нәрестесі ірі екенін біліп тұр. Уақыты өтіп кетті. 41-ші апта. Ол деген екі жеті, 14-17 күн асып кеткен босануына. Дәрігерлер сол уақыттан бері не бітіріп отырды? Ол осы уақытқа дейін перзентханаға 5-6 рет түскен», – дейді марқұмның әпкесі Әлия Атшыбаева.

Келіншек аман-есен өзі босанып, ұл туады. Бірақ сәбидің жолдасы шықпай, жарты сағат өткен соң қан кетіп қайтыс болған. Оның өліміне не себеп болғанын білмек болған туыстарын дәрігерлер перзентханаға жолатпай қойды. Тіпті, перинаталды орталықтың директоры тәртіп сақшыларын шақырып, қуып шықпақ болды.

Ақыры айқаймен далаға шыққан перзентхана басшысы ешкімге көңіл айтпастан, келіншектің бала көтерерден бұрын пневмониямен аурығаны қан кетуіне себеп болды деп отыр. Сондықтан жатыры жиырылмай қалған көрінеді.

«Кесір тілігін жасауға ол кезде көрсеткіш болмады. Әйелдің өзі жақсы босанды. Негізі жатыры жиырылмады. Жиырылмағасын қан кетті», – деді Ақтөбе облысы перениталдық орталығының директоры Асхат Балықов.

Ал қайғылы хабарды неге 3-4 сағаттан кейін естірттіңіз деген сауалға ол дәрігерлердің өзі ес жия алмай қалғанын алға тартып, жауап берді.

Марқұмның жақындары келіншектің дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болғанына сенімді. Енді олардың үстінен іс қозғап, сотқа бермекші.

«Осыған кінәлі, кеше ғана дүниеге келген сәбиін анасыз қалдырып кеткен, қалдыруына себепші болған барлық дәрігерлерді заң бойынша жазалауын сұраймын. Мен соған дейін барамын», – дейді марқұмның әпкесі Бақытгүл Атшыбаева.

Облыстық перинаталды орталық директоры Асхат Балықов аталмыш оқиғадан соң бірден қызметінен кетті. Бұған дейін жақында ғана осы перзентханада тағы бір ана туу кезінде қайтыс болған. Енді комиссия құрылып, келіншектің өлімінің себебін зерттейді.

Бөлісу22Твит14
Алдыңғы лауазым

Қаскелеңде жаяу жүргіншімен ерегіскен жүргізуші оны көлігімен басып өлтірді

Келесі лауазым

Актер Фархат Абдраимов қайтыс болды

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.