Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Келін үй қызметшісі емес»: Меруерт Түсіпбаева жастардың арасына түсетін енелерге ренжіді

01.06.2021
1
«Келін үй қызметшісі емес»: Меруерт Түсіпбаева жастардың арасына түсетін енелерге ренжіді

Актриса әрі әнші Меруерт Түсіпбаева жақында ғана ажырасқанын айтқан Айжұлдыз Адайбекованы мысалға ала отырып, келінін күң көретін енелерге деген өкпесін айтты.

Өнер иесі шығармашылық адамына еркіндік ауадай қажет екенін алға тарта отырып «ұят болады» сөзін қоғам әсіресе қазақтың қарапайым отбасылары дұрыс түсінбейтініне өкінді.

Әнші жалғыз ұлы болса да ешқашан келінімен бір күн де бірге тұрмайтынын бұрыннан айтып келеді. Сондай-ақ, келінді менсінбеу ұлын құрдымға сүйреумен тең екенін енелер уақытылы түсінсе екен дейді.

«Осы өзекті тақырып аясында әңгіме көп…. Біз, қазақтар: » Ұят болады»- деп жылы жабамыз….( ылғи сол) Айжұлдыз , ажырасуының себебін ашық айтты!! Келісемін!!!Келін- үйқызметшісі емес!!! Сол келін, бұрын сол уйде болмағанда, әлі келін болып түспей жатқандаааа, еден жуылып, шаң сүртілді емес пе?! Аш отырған ба, сонда, сол уйдің адамдары, келіннің түсуін күтіп?!

Мен, өз басым, біреудің алақанға салып өсірген қызын, өзге босағаны аттай сала, жұмсай жөнелгенді құптамаймын!!! Казіргі жастардың денсаулығы да жарамайды оған…. Атам заманда, “Сарыағашқа” келін болып түскенімде, беташар біте сала қайын апам , шаңсорғышты меңзеп- “ Тазала!!” дегені әлі есімде… Адаптация қайда сонда?! Бөтен ортаға түсіп, онсызда мазасыз күй кешіп тұрған нәзік жандыға — бәрі стресс!!!

Мен, талай рет сұхбат бергенде айттым: “ Мен, бір күн, келініммен тұрмаймын деп” . Ол, болашақ келінімді немесе баламды жақтыртпағанымнан емес!!! (Бір тал балам- көзімнің ағы мен қарасы…. ) Жаңа ғана отбасын құрған, екі жас, өздерімен өздері болып, бір- бірімен тіл табысу керек, басында… Жоқ!!

Бізде , келінді құң қылып, екі жастың ортасына килігіп, ( әсіресе аналары) жаңа өмірге, жаңа уйренісіп жатқан жастардың есін шығарады !!Ол — ҚАТЕ!! Соның кесірінен , Қазақстанда — ажырасу көп!!! Жастарға еркіндік беріңіздер. Жастарға осы өмірге бейімделуге, қиындық пен жетістіктің дәмін сезінуге мүмкіндік беріңіздер! Оларға тыныштық беріңіздер! Ал, өздеріңіз, өз өмірлеріңіздің қожасы болыңыздар»,- деп жазды әнші Меруерт Түсіпбаева.

Бөлісу15Твит10
Алдыңғы лауазым

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан 1-орынды иеленді

Келесі лауазым

Нұр-Сұлтанда оқушылар емтиханнан кейін ауруханаға түсті

Пікірлер 1

  1. Қазақ апа says:
    1 год Бұрын

    Осы Түсіпбаева сияқтылар өз отбасының проблемасымен жалпы қазақтың миын ашытып, көзін ашпай-ақ әнін салып секеңдеп жүре берсе екен. Сен келініңмен тұрмайды екен деп, немене ұлттық тәрбиемізді ұмытып, ата-енесіне қарсы шығуы керек пе барлық келін? Сен кімсің өзі, неге өзгелерге ақыл үйретіп отырсың? Олай болса жүрсін барлық қазақ қыздары бала туып алу үшін ғана байға тиіп, 4-5 айдан соң өзі сияқты байсыз анасына қайтып келіп. Ол баланың тағдыры сендерді қызықтырмайды иә? Әкесіне деген сағынышы, жүрегінде мәңгі жазылмайтын жарақат сендерді алаңдатпайды. Қымбат киім, көлік, анасын ренжітпеу үшін сездірмей жүретін әкесі мен туыстарына деген сағыныш… Ал сенің сол ұлың өз әкесімен бірге өсуді армандамады деп айта аласың ба? Өйтіп ана болған түрлерің құрысын көкірек-эгоистер!!!

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.