Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Елорда тұрғыны көлігін сатып, оны жаңа иесінен ұрлап кеткен

08.06.2021
0
Елорда тұрғыны көлігін сатып, оны жаңа иесінен ұрлап кеткен

Елорданың полиция қызметкерлері көліктерге қатысты ұрлықтың алдын алу мақсатында жедел іс-шаралар өткізіп жатыр.

Мәселен, полицияға «Kia Rio» маркалы көліктің иесі машинасының ұрланғаны туралы шағымданған. Зардап шегушінің айтуынша, түнде үйіне келгеннен кейін көлігін құлыптап аулада қалдырған. Ал таңертең көлігінің ұрланғанын білген.

«Қылмыс орнын тексеру барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен таңғы сағат 05:00 шамасында көлік есігін кілтпен ашып, айдап әкеткен күдіктіні анықтады. Шығын 2 млн теңгеден асып жығылады. Тергеу амалдары барысында көлікті айдап кеткен адам анықталды. Ол «Kia Rio» маркалы көліктің бұрынғы иесі болып шықты. Ол көлігін сату мәмілесін жасағаннан кейін екінші кілтті өзінде қалдырған және машинаның жаңа қожайынының мекенжайын есінде сақтап қалған», — делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, күдікті көлікті айдап кеткеннен кейін оны жалға алынған тұраққа жасырып, өзі басқа өңірге кетіп қалған. «Нұр-Сұлтан қалалық ПД Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлерінің тыңғылықты іздеу іс-шараларынан кейін күдікті Қостанай қаласында ұсталды. Көліктің бұрынғы иесі кінәсін мойындап отыр», — деді полициядан.


Бөлісу3Твит2
Алдыңғы лауазым

Наркозды көп берген: Шымкентте жеңіл ота жасатуға келген қыз өлім аузында жатыр

Келесі лауазым

Ғалымдар ит жаман адамды бірден білетінін дәлелдеді

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.