Вторник, 9 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ұшақ қонатын кезде, көкке көтерілер сәтте мына 9 дүниені жасай көрмеңіз

08.06.2021
0
Ұшақ қонатын кезде, көкке көтерілер сәтте мына 9 дүниені жасай көрмеңіз

Әдетте қарапайым адам ретінде ұшақтың сәтті көтерілуі мен жайлы қонуын пилоттың тәжірибесіне байлап қоямыз. Бұл түсінік дұрыс, бірақ, әр адам өз қауіпсіздігін сақтаған кезде ғана жолаушылардың амандығы жүз пайызға сақталады. Әрине әлем халқы мойындағандай ұшақ ең қауіпсіз жеткізу машинасы болып қалабермек.

KYN.KZ тілшісі ұшақ қонатын кезде және көкке көтерілер сәтте мына 9 жағдайды болдырмау керектігін ескертеді.

ҰШАҚ КӨТЕРІЛГЕНДЕ ЖӘНЕ ҚОНАТЫН КЕЗДЕ ҰЙЫҚТАУҒА БОЛМАЙДЫ.

Әрине көпшілік ұшақта ұйықтап, көз шырымын алып алғанды ұнатады. Ол біріншіден ұшуға қорқатындарға жақсы. Екіншіден уақыттың қалай өткенін білмей қаламыз. Үшіншіден іскер жандар ми тынықтырып алғысы келеді. Бірақ ұшақ қонатын кезде және көкке көтерілген сәтте ұйықтау адам денсаулығы үшін өте қауіпті. Адам ұйықтағанда жұтына алмайды. Құлақтың уақытша естімей қалуын, бітуін орнына келтіре алмайды. Кей адамдарда қан қысымы көтеріліп, түрлі салдары болуы мүмкін. Құлағының естімей қалғанын ұйқыдағы адам сезбейді. Сол себепті есіту аппараты яғни құлақтан қан кетіп, тыныс алу жолдарына зақым келуі мүмкін.

ҚҰЛАҚҚАППЕН МУЗЫКА ТЫҢДАУҒА БОЛМАЙДЫ

Не себепті?

Себастиян Лендер: Ұшақ көтеріліп жатқан кезде түрлі жағдай болуы мүмкін. Сіз соңғы шыққан хит әнді тыңдап отырсыз делік. Ал ұшақ әуеде топ болып ұшып жүрген құстармен бетпе-бет келді делік. Бірден экипаж мүшелері қандай әрекет жасау керектігін хабарлайды. Ал құлаққабы бар адам оны естімейді. Ұшақтың жедел әрекетінен бейхабар адам әрине жарақат алады.

АЯҚ КИІМДІ ШЕШУГЕ БОЛМАЙДЫ

Не себепті аяқ киімді шешуге болмайды? Себебі ұшақ көтеріліп немесе қонып жатқан кезде аяқасты жағдай болды делік, сіздің бәтеңкеңіз өзгелердің жүруіне кедергі болады. Өзіңіз аяқ киіміңізді іздеп алтын уақытыңызды жоғалтасыз. Одан қалды ұшақтың іші көпшілік ойлағандай үнемі микроб, бактерия өлтіретін деңгейде тазаланбайды. Түрлі ауру жұқтыруыңыз ықтимал.

ГАЗДЫ СУСЫН ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ

Адамның асқазанында екі жарым литрге жуық ауа болады. Ұшақ қону және ұшу кезінде қан қысымындағы өзгерістерге байланысты адам ағзасындағы ауа 25%- ға артады. Ал газды сусын ағзадағы ауаны еселеп, іштің кебуіне әкеліп соқтырады.

ҰШАҚ КОНДИЦИОНЕРІНЕ ТИІСУГЕ БОЛМАЙДЫ

Кейде жолаушылар кондиционердің тым қатты желдететініне шағымданып, өз бетінше бұрай бастайды. Ол дұрыс емес. Кондиционер ұшақтың ұшуына зор әсер етеді. Егер жолаушы өзбетімен желдету аппаратын реттесе техникалық қауіпсіздікке нұқсан келеді. Одан қалса, кондиционер көпшілік ортада түрлі бактерия, микроб, инфекциялардың қонуынан сақтайды.

ЛИНЗА ТАҒУҒА БОЛМАЙДЫ

Ұшақ ішіндегі ауа өте құрғақ. Көзіңізде линза болса өзіңізге жайсыздық келтіреді. Көз құрғап, көздің жұмсақ етіне линза қатты батуы мүмкін. Ең дұрысы линзаны ұшу алдында шешіп, ұшақ қонғаннан кейін барып таққан жөн.

ОРЫНДЫҚТЫҢ АРҚАСЫН КӨТЕРІП, ТҮЗУ ОТЫРУ КЕРЕК

Көптеген жолаушылар экипаж мүшесі орындық арқасын көтеруді сұраған кезде реніш білдіріп жатады. Әрине шалқайып жату әркімге де жайлы. Бірақ, ұшақтағы жолаушылардың қауіпсіздігі маңыздырақ. Егер жолаушы шалқайып жатар болса ол тек өзіне емес бүкіл жолуашыға зиян келтіруі мүмкін.

ИЛЛЮМИНАТОР ПЕРДЕЛЕРІН ЖАБУҒА МҮЛДЕ БОЛМАЙДЫ

Біріншіден ұшақ ішіндегі жолаушы ашық терезеден сырттағы жағдайдың қауіпсіздігін өз бақылауында ұстай алады. Егерде авариялық жағдай туындай қалса ол сол сәттегі жарыққа көзі үйреніп, жылдам әрекет етуге бірден кірісе алады.

ҰШАҚ КӨТЕРІЛЕТІН КЕЗДЕ ЖӘНЕ ҚОНАРДА ТЕЛЕФОНДЫ ҰШУ РЕЖИМІНЕ АУЫСТЫРУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ

Ұшу режимі қосылып тұрса ұшақ басқарып отырған пилоттың пультта отырған адаммен байланысына кедергі келуі мүмкін. Кей кездерде жолаушыға келген бір хаттың өзі байланысқа әсер береді деп жатады. Дегенмен, ол сондай қауіпті болмауы мүмкін. Себебі, экипаж мүшелері әр жолаушының байланыс құралын жеке тексеріп жатпайды. Ол сондай тым қауіпті болатын болса, жіті қадағалануы керек еді. Бірақ, тәртіпке бағынып, қауіпсіздікті сақтап ұялы байланысыңызды ұшу режиміне ауыстырғаныңыз жөн.

Бөлісу8Твит5
Алдыңғы лауазым

Ғалымдар ит жаман адамды бірден білетінін дәлелдеді

Келесі лауазым

Солтүстік Қазақстанда демалыс базасында бес жігіт 17 жастағы қызды зорлаған

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.