Понедельник, 8 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Абай шахтасынан 23 кеншінің мәйіті табылды

08.11.2021
0
Абай шахтасынан 23 кеншінің мәйіті табылды

Абай шахтасында болған апаттан зардап шеккен екі адамның беті бері қарады. Метан газына уланған кеншілер бүгін жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Ал қаза болған алты кеншінің денесі сот медициналық сараптамаға жіберілген, деп жазды KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

Алдағы күндері марқұмдар жер қойнына тапсырылады. Қазір метан газы жарылған Абай шахтасында жұмыс тоқтап, арнайы комиссия апат себептерін анықтап жатыр.

Қарағанды облысының барлық шахталарында жоспардан тыс тексерістер басталып кетті. Абай шахтасындағы апат ошағында қалған 8 кеншінің ішінде аман қалған екеуі қазір ем алып жатыр. 58 жастағы Элайдын Зейналов пен 61- дегі Жеңіс Маралбаев кешелі бері жансақтау бөлімінде жатқан.

Ерік Шонбаев Мақажанов атындағы клиниканың ахуал орталығының жетекшісі:  

— Шахта газы  метан және көмірқышқыл газдарымен уланған күйде түсті. Қазіргі жағдайлары орташаға жақын. Кешегі күнмен салыстырғанда жақсару белгілері бар. Бүгін өзін жайлы сезіне бастады. 

Ал апат кезінде опат болған 6 кеншінің жастары 31-53 аралығында. Бәрінің артында аңырап бала-шағасы, туыстары қалды. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшылығы марқұмдардың барлығына ұжымдық келісім шарт аясында көмек көрсететінін жеткізді. Әр кеншінің 10 жылдық жалақысы төленеді.

Виджай Гойяль, «Арселор Миттал СНГ» АҚ бас директоры:

— Біздің ұжым алты адамынан айырылып уайымдап отырмыз. Ұжымдық келісімшарттың сыртында біз олардың несиесін өтеуді мойынымызға алдық. Баспанасы болмаса, оны да қарастырамыз. Жерлеу рәсіміне де толық ат салысамыз. Қаражат мәселесін көтеруге әзірміз.

— Көмегі маған не керек? Баламнан айырылдым! Баламның орнын кім толтырады?         

Сергей Корниенконың кәрі әке шешесі кешелі бері өзіне келе алар емес. Кемпір баласы табытқа жатқанда киетін костюм шалбарын таппай шарқ ұрса, шалы есік алдында мәйітханадан келетін көлікті күтіп жүр. 40 жыл кенші болған ол шахтаның қазіргі жағдайы адам төзгісіз екенін ашық айтты.

Анатолий Корниенко, Сергей Корниенконың әкесі:

— Мына заманда басқа қайда барасың, шахтадан жұмысын бастаған соң жүре берді. Басқа жұмыс таппайсың, амал жоқ, басыңды қатерге тігіп барасың. Ал кеншілерді ойлап жатқан басшылық жоқ. Олардың барын да, жоғын да елемейді. Сондықтан қауіпсіздік те жайына қалған. 

Қарашаның 7-сі күні таңғы сағат сегіз жарымда Абай атындағы шахтада метан газы атылған. Жер астында болған 64 кеншінің 56-сы қашып шықса, апат ошағында болған 8 кеншінің алтауы жан тапсырды. Олар улы газдан қорғанатын құрылғыларын қолданып үлгермепті.

Арнайы комиссия жетекшісі Юрий Ильин дәл осы Абай шахтасынан көктемде қауіпсіздікке қатысты олқылықтар анықталған дейді. Бірақ алпауыт компания екі аптаның ішінде кемшіліктердің көзін жойғанын айтып жұмысын жалғастыра беріпті. Бұл Абай шахтасындағы алғашқы апат емес.

2008 жылы мұнда метан газының жарылысының арты алапат өртке ұласқан. Жер астындағы 191 кеншінің 161 қашып шығып үлгерсе, 7 адамның денесін құтқарушылар әрең тауып алған. Қалған 23 кенші үшін Абай шахтасы молаға айналды. Өйткені олардың денелесі үйінді астынан сол күйі табылған жоқ.

Бөлісу3Твит2
Алдыңғы лауазым

Алматы тұрғыны әйелінің көңілдесін балталап өлтірді

Келесі лауазым

"Маған ауа жетпей жатыр"деді: Жұлдыз ұлының жүрегіне жасалған ота туралы айтты

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.