Понедельник, 8 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Маған ауа жетпей жатыр»деді: Жұлдыз ұлының жүрегіне жасалған ота туралы айтты

08.11.2021
0
«Маған ауа жетпей жатыр»деді: Жұлдыз ұлының жүрегіне жасалған ота туралы айтты

Қайрат Нұртастың ұлы Нарұл ауруханада жатыр. Әншінің жары Жұлдыз Әбдукәрімова ұлының жағдайын айтып берді. Өзіне тілекші болған ағайынға алғысын білдірді.

Анасының айтуынша, ұлы Нарұлдың жүрегіне осыдан үш жыл бұрын ота жасалған. Ол кезде жасы небәрі 7-де еді. Енді араға уақыт салып денсаулығы қайта сыр беріпті.
“Желіде белсенді емеспін. Себебі ауруханада уақыт өткіздік. Ұлым Нарұл 7 жаста болғанда жүрегіне ота жасалған еді. Жақында жүрегі шанши бастады. “Анашым, дем жетпей жатыр” деді. Өзімді қоярға жер таппай кеттім. Алла ешбір ананы баламен сынамаса екен. Дереу 1-қалалық ауруханаға жатқыздық. Кейін кардиологиялық орталыққа ауыстырды. Себебі осында 3 жыл бұрын ота жасалған еді. Дәрігерлер ұлымның барлық жағдайын біледі. Тексерістен өткен соң қажетті емін алады. Тек отасыз-ақ емделіп кетсе екен”, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.
Көпшілік Нарұлға шипа тілеп, ата-анасына сабырлық тіледі. Жұлдыз ханым өзіне жанашырлы танытқан барша жанға алғысын білдірді.

“Құдай ниетіңе қарай береді дейді ғой. Қазақтың ниеті де, көңілі де қандай кең еді. Нарұлдың ауруханаға жатқанын естіп, 1 сағаттың ішінде қаншама жылы тілек, дұға келіп жатыр. Өмірде көрмеген, таныс емес жандар жылап, уайымдап жазып жатыр. Тіпті, “ертең ауруханаға барамыз” деп жазып жатқандар қаншама. Алла ниеттеріңізге еселеп берсін. Ешқайда барудың қажеті жоқ, карантин кезінде өзімізді де кіргізбей жатыр. Сондықтан бізге дұғаларыңыздан асқан қолдау жоқ. Алла ешбір ананы баламен сынамасын. Жақсы күндерде жолығайық”, – деп жазды Әбдукәрімова.
“Нарұл мықты жігіт қой, аттай шауып кетеді Алла қаласа!”, деп қолдау көрсетті Төреғали Төреәлі.
“Аллаһым Нарұлға шипасын берсін! Ғұмыр жасы ұзағынан болсын!”, “Айналайын ауырма тіл көзден дұшпаннан сақтасын, жер ұшық бер, тұзды суға түсір, табиғат өзі емдейді”, “Алла шипасын берсін. Нарұл отасыз тез сауығып кетіп, бауырларына оралуына шын жүректен тілекшімін. Жұлдыз уайымдама, бәрі жақсы болады”, “Алла шипасын берсін”, деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу2Твит1
Алдыңғы лауазым

Абай шахтасынан 23 кеншінің мәйіті табылды

Келесі лауазым

Тұншықтырып, артынша өртеген: Алматыда элиталы кешеннен 18-дегі қыздың денесі табылды

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.