Понедельник, 8 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Дубайда ұстап алды»: Ерке Есмахан өзінен 9 жас кіші сүйіктісін қалай жасырды

15.11.2021
0
«Дубайда ұстап алды»: Ерке Есмахан өзінен 9 жас кіші сүйіктісін қалай жасырды

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев ұзақ уақыт бойы қарым-қатынасын көпшіліктен жасырып келген. Елде фанаттарының көзіне түспей жүргенімен, олардың Дубайға сапары кезінде шындықтың беті ашылыпты. Ерке мен AZ-дің шетелде бірге демалып жатқанын көрген отандастары олардың видеосын желіде таратып жіберген. Бұл туралы Ерке Есмахан журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасаған KYN.KZ.

Біршама уақыт бойы көңіл жарастырып жүргенін көпшіліктен жасырып келген Ерке мен Азамат Зенкаев жанкүйерлеріне қалай «ұсталып» қалғанын айтып берді.

Еркенің айтуынша, олар Дубай қаласына қыдырып барып, сонда бірге жүрген жерінен отандастары видеоға түсіріп алған. Артынша, бұл видео әлеуметтік желіде кеңінен таратып, олардың қарым-қатынасы елге жария болған. Дәл осы уақытта Ерке хейтерлер тарапынан сынға ұшырап, AZ-дің фанаттары жағымсыз пікірлерін жаудыра бастаған. Еркенің айтуынша, бұл кезең ол үшін оңайға соқпаған.

«Біз енді кездесе бастағанда, «бірге көрмесе болды ғой, елден жасыра аламыз» деп жүрдік. Екі айдан кейін Алматыда тыныш жүре алмаймыз деп, Дубайға кеттік. Бірінші Дубайда ұстап алды, суреттер, видеолар шығып кетті. Блогерлер де жазып кетті. Сөйтіп біздің тығылғанымыз екі-ақ айға жетті. Сол кезде фанаттардың сөздерін, жазғанын оқыдым. Азаматтан «неге бұлай болып жатыр, еш жамандық істеген жоқпын ғой. Қалай күрессем болады, не істесем болады?!», — деп сұрадым.

Сонда Азамат: «Сен ешкімге түсіндіруге міндетті емессің. Сен менің қасымдасың, екеуіміз біргеміз. Ондай пікірлер, ондай әңгімелер болады да, бола береді де. Бастысы — екеуіміздің таңдауымыз, қалған хейт, анау-мынау сөздер — өтпелі», — деп жауап берді», — дейді Ерке Есмахан.

Айта кету керек, жуырда Азамат Зенкаев қалың көпшілікке «Ту» деп аталатын жаңа туындысын ұсынды. Аталған бйнебаянда басты рөлді Ерке Есмахан ойнады. Азаматтың айтуынша, бұл рөлді ол Еркеден баста ешкімге ұсына алмаған. Себебі, оны сүйіктісінен артық ешкім ойнай алмасы анық, деп есептейді әнші.

Бөлісу1Твит1
Алдыңғы лауазым

Дәурен Айдарқұлов кіші қажылыққа аттанды

Келесі лауазым

Семейде кішкентай қыздың денесі іздестіріліп жатыр

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.