Четверг, 18 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қызылордада медицина колледжінің 70 студентіне «Pfizer» вакцинасы салынды

15.11.2021
0
Жасөспірім ата-ана рұқсатынсыз Pfizer салдыра ала ма

Қызылордада 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған «Pfizer»вакцинасын егу басталды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетовтың айтуынша, медицина колледжінің студенттері алғашқы болып екпе алуды бастады. 70 студентке ата-анасының келісімімен вакцина салынды. 

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған «Pfizer» вакцинасының ерекшелігі – оның құрамында вирус болмайды. Бүгінде барлық емханада дайындық жұмыстары пысықталған. Арнайы орталық қоймаға 2 тоңазытқыш әкелінді. Өткен аптада Pfizer-дің 23400 дозасы жеткізілді», – деді Шайымбетов өңірдегі коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Ол вакцина ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанына 42 күн болған емізетін әйелдерге салынатынын атап өтті.

Біз баласына вакцина салдыруға келісім берген Жанар Нақыпованы әңгімеге тарттық.

«Менің ұлым осы колледждің «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алады. Бүгін вакцинаны алғаш болып балама салды. Әрине, басында қобалжу болды. Дегенмен ұлым өзі бірден келіскен соң, менде еш ойланбадым. Ең бастысы – халықтың амандығы. Көзге көрінген ұл-қыздарымыз ауырмасын. Өзге де ата-аналарға балаларына вакцина салдыруға кеңес беремін», – деді Жанар Нақыпова.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

БөлісуТвит
Алдыңғы лауазым

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген 2 күдікті ұсталды

Келесі лауазым

Қазақстан тағы бірқатар елдің вакцинация төлқұжатын мойындады

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.