Четверг, 18 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Шымкент қаласында 15 жастағы қыз жаңа туған сәбиімен далада қалды

16.11.2021
0
Шымкент қаласында 15 жастағы қыз жаңа туған сәбиімен далада қалды

Шымкенттік 15 жастағы қыздың тағдыры елді елең еткізбей қоймады. Кәмелетке толмаған жас ана алты ай бойы қолындағы нәрестесімен үйсіз-күйсіз жүрген. Қазір ол Шымкенттегі «Көмек» дағдарыс орталығын паналауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ.

Жас ана келіп орналасқан дағдарыс орталығының қызметкерлері қыздың бұл күйге қалай түскені жайында айтты. Олардың сөзінше, оның анасы бес қызын күйеуіне тастап, үйінен кетіп қалған. Ал әкесі көп кешікпей қыздарын мектеп-интернатқа өткізген. Сол жерде ол құрдасымен, яғни, болашақ баласының әкесімен танысқан.

Жас қыз аяғы ауыр екенін қашықтан оқуға үйіне жібергенде бір-ақ білген. Мұны естіген өз әкесі қызынан теріс айналып, анасына жіберген. Алайда бойжеткен ол жақтан да пана таппаған.

Босанған соң үш аптадан кейін оған кішкентай сәбиімен көшеде қалуға тура келген. Жарты жылға жуық оған жат адамдар қайырымдылық танытқан көрінеді. Далада қалғанына қарамастан баласын тастамаған жас ана екі айдан бері «Көмек» дағдарыс орталығында тұрып жатыр.

«Жігіттің анасы қыздың қолындағы баланы немерем деп танып, үйіне кіргізген. Алайда сол уақытта екеуінің арасындағы қарым-қатынас дұрыс болмай, жігіт үйінен кетіп қалған. Ата-аналары өзара келісіп, қыздың әкесі жігіттің анасынан өтемақы ретінде құны 2 миллион теңге тұратын жер алған», — дейді дағдарыс орталығының директоры Малика Әбдірашқызы.

Бұл жайттан полиция да хабардар екені белгілі болды. Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылдың 21 қаңтарында Шымкент қаласының Еңбекші аудандық полиция бөлімінен Түркістан облыстық полиция департаменті, Қазығұрт аудандық полиция бөліміне кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық іс-әрекет дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары келіп түскен.

Аталған жайт 122-баптың 3-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша тіркелген.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер күдікті ретінде жәбірленушінің құрдасын анықтады. Сараптама тағайындалып, оның нәтижесінде баланың әкесі кәмелетке толмаған бала екендігі белгілі болды», — дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Ресми орган жасөспірімдердің өзара келісім бойынша қатынасқа түскенін және 15 жастағы қыздың әкесінің күдікті деп танылған кәмелетке толмаған балаға қатысты қандай да бір шағым-талаптарының жоқ екені туралы мәлімдемесінен соң, сотқа дейінгі тергеу тараптардың татуласуымен тоқтатылғанын жеткізді. Бұл шешіммен бас прокуратура мен Түркістан облысының облыстық прокуратурасы да келіскен.

Малика Әбдірашқызының сөзінше, заң бойынша ресми қамқоршысы жоқ бойжеткенді баласынан айырып, өзін кәмелетке толғанша балалар үйіне орналастыруы тиіс. Бұл жас ананың басты қорқынышы. Ол баласынан айырылып қалғысы келмейді.

«Сол үшін біз қыздың анасын өз қызы мен немересіне қамқор болуға үгіттеп отырмыз. Бірақ әйелдің тұрақты жұмысы жоқ. Ол сондай еркін өмір салтына үйреніп алған», — дейді дағдарыс орталығының директоры.

Қоғамдық ұйым қызметкерлері қыздың әкесінен өтемақы ретінде алған жерді жас ананың болашақта баспаналы болуына жұмсауды сұрап отырғанын да айта кетті.

Дереккөз: KAZ.NUR.KZ

Бөлісу26Твит16
Алдыңғы лауазым

Сербия футболшылары сыйақыларын науқас балалардың еміне жұмсады

Келесі лауазым

АҚШ-та басшылық лауазымға ұсынылған Сәуле Омарованың қылмыскер екені анықталды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.