Понедельник, 8 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

1 жас 4 айлық баланың даму ерекшеліктері қандай?

21.12.2021
0
1 жас 4 айлық баланың даму ерекшеліктері қандай?

1 жас 4 айлық бала өзін тұлға ретінде белсенді түрде көрсете бастайды және өз қалауын білетін болады. Аталмыш кезеңді жас аналар өз арасында «қыңырлықтың шыңы» деп атап кеткен екен. Сәбидің көңіл-күйі бірқалыпты деңгейде бола бермейді: бір минут бұрын күліп отырса, бір минут өтпей жылап отыруы мүмкін. Тамақ пен ойын-сауыққа қатысты таңдау мен талғам пайда болады. Бұл кішкентай балақаймен қандай қарым-қатынас жасау қажет және оның дамуы туралы не білу керек?

Баланың жынысыБаланың бойыБас өлшеміСалмағы
Ұл бала78 см49 см11,5 кг                          
Қыз бала83 см45,5 см10,6 кг
Бір жас төрт айдағы баланың физикалық параметрлері


Осы сұраққа жауап іздеп, нақты іс-әреккеттерді анықтап алайық.

1 жас 4 айлық бала өзін тұлға ретінде белсенді түрде көрсете бастайды және өз қалауын білетін болады. Аталмыш кезеңді жас аналар өз арасында қыңырлықтың шыңы деп атап кеткен екен. Сәбидің көңіл-күйі бірқалыпты деңгейде бола беримейді: бір минут бұрын ол күлсе, бір минут өтпей жылап отыруы мүмкін. Тамақ пен ойын-сауыққа қатысты таңдау мен талғам пайда болады. Бұл кішкентай балақаймен қандай қарым-қатынас жасау қажет және оның дамуы туралы не білу керек?

1 жас 4 айлық бала қандай іс-әрекеттер орындай алады?
1 жас 4 айлық балада мынадай дағдылар қалыптасып, дами бастайды:
— Бұл жастағы бала өздігінен жүре алады. Тепе-теңдікті сақтау үшін аяқтары мен қолдарын кең ашып қозғалады.
— Жатқан және отырған күйден ересектердің көмегінсіз еркін көтеріле алады.
— Баспалдақпен жоғары және төмен жорғалайды.
— Өзімен бірге үлкен немесе бірнеше кішкентай ойыншықтарды алып жүруді әдетке айналдырады.

Көзбен көру деңгейі
Бұл жастағы балақай айналада қандай іс-әрекеттер болып жатқанын үнемі көзбен көріп, қадағалап отырады, саусағымен оны қызықтыратын объектілерді көрсетеді.

Психоэмоционалдық ерекшеліктері
Бұл кезеңде балада эмоционалды көңіл күйін білдіру қабілеті дамиды. Өзіне жақын ортадағы ересектердің көңіл-күйін өзінше сезініп, олармен бірге мұңайып, бірге қуанады. Бұл тұста қыздар эмоционалды байланысқа көбірек түседі. Сонымен қатар олар құшақтауды, сүйіспеншілікті қабылдауды және ересектердің қолдарында отырғанды ұнатады.
Үнемі сүйіспеншілікке толы жақын адамының жанында болуды қалағандықтан, бала түн ортасында ата-анасының төсегіне баруды әдетке айналдыруы мүмкін. Бала өзінің эмоциялары мен сезімдерін мимика, ым-ишара арқылы жеткізе бастайды. Саусақпен белгілі бір затты меңзеп, қалағанын алу үшін дыбыстарды немесе қарапайым сөздерді шығарады.

1 жас 4 айдағы баланың сөйлеу дағдылары
Он алты айлық нәресте 10-нан 50-ге дейінгі шамада сөздерді біледі және әлемді түсіну жолында оларды белсенді түрде пайдаланады. Мәселен, қажетті затты көрсетіп, «бер», «ішем», «ням» т.б сөздерді қайталау арқылы көмек сұрай алады.

Ата-аналарға құлаққағыс
1 жас 4 айлық нәресте әлемді тануға белсенді түрде талпыныс жасап, күн сайын өзіне шағын жаңалықтар ашады. Оған айналада болып жатқан барлық құбылыстар мен іс-әрекеттер туралы айтуға тырысыңыз: Күнделікті ауа-райы туралы, мысық немесе ит қандай дыбыстар шығарады және ойыншықтарды қорапқа салу неге соншалықты маңызды екенін білу нәресте үшін тың жаңалық. Бала бәрін «губка» сияқты сіңіреді және әрбір жаңа ақпарат дүниетанымының артып, көкжиегінің кеңеюіне жол ашпақ.

Бөлісу8Твит5
Алдыңғы лауазым

Бір жарым жастағы бүлдіршіннің дамуы туралы не білу керек?

Келесі лауазым

Атырауда жүрегі тоқтап қалған адам ауруханаға барар жолда тірілді

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.