Понедельник, 8 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Жаңа жылдық дастарханға арналған ең дәмді әрі оңай 5 салат

22.12.2021
0
Жаңа жылдық дастарханға арналған ең дәмді әрі оңай 5 салат

Жаңа жыл – отбасылық мейрам. Ас үй ханшайымдары бұл күні ерекше дайындалатыны сөзсіз. Дастарханның сәнін келтіріп әрі қонақтарыңыздың таңдайынан дәмі кетпейтін  ерекше салаттардың түрлерін ұсынамыз.

  • Биыл барыс жылы болғандықтан, жылдың басты символын көрсететін бейнедегі салат қонақтарыңызды таңғалдырмай қоймасы анық.

Құрамына: 320 гр піскен сиыр еті, 3 асылған жұмыртқа, тұздалған қияр, асылған сәбіз, қатты ірімшік, майонез, тұз, сәндеу үшін зәйтүн, жұмыртқаның ағы, бұрыш бұршақтары қажет.

Алдымен жалпақ тәрәлкеге піскен сиыр етін майдалап турап, барыстың басының формасын келтіріп саламыз. Оның үстіне майонез жағып, ұсақтап туралған тұздалған қиярды, содан соң асылған жұмыртқаны, ірімшікті үккіштен өткізіп, тағы да майонез жағып үстіне асылған сәбізді үккіштен өткізіп салу керек. Барыстың басының формасын жасап, көзін жұмыртқаның ағы мен зәтүннен, жұмыртқаның ағынан аузын, бұрыш бұршақтарымен мұрты мен мұрнының формасын келтіресіз.

  • Оливье салатынсыз жаңа жылды елестету мүмкін емес. Салаттың классикалық жасалу әдісін ұсынамыз. Құрамын қалауыңызша өзгертуге болады.

Құрамына: піскен ет, асылған картоп, сәбіз, жұмыртқа, тұздалған қияр, консервіленген бұршақ, майонез, тұз бен қара бұрыш қажет.

Қоспалардың барлығын төртбұрыштап турап, майонез бен тұз, бұрыш салып, дәміне қарай тұз бен бұрыш салып араластырсаңыз ең дәмді салат шығады.

  • Майонезсіз дайындалатын салат іздесеңіз бұл тағам сіздің дастарханыңыздың әрін келтіреді. Әрі небәрі 15 минутта дайындалады.

Құрамына: Фета ірімшігі, қызанақ, қияр, зәйтүн майы, лимон шырыны, сарымсақ, тұз қажет.

Алдымен соус дайындап аламыз. Зәйтүн майына жарты лимонның шырынын қосып, шымшым тұз салып араластырамыз. Соус дайын. Фета ірімшігі, қияр мен қызанақты төртбұрыштап турап шұңғыл ыдысқа салып, соусты құйып жақсылап араластырып дастарханға ұсына беруге болады.

  • Малибу салаты кез келген дастарханның көркін ашып қоймай, уақыт үнемдеуге де септігін тигізеді.

Құрамына: қақталған тауық еті, қияр, қызанақ, ірімшік, қытырлақ нан, майонез немесе қаймақ, татымына қарай тұз керек.

Қажетті ингриеденттерді төртбұрыштап турап, майонез немесе қаймақты салып араластырып бетіне қытырлақ нанды қойып дастарханға қойсаңыз, әп-сәтте желініп кететініне кепілдік беремін.

  • Ананас қосылған салат дастарханның көркі ғана ерекше дәмімен қонақтарыңызды тамсандырады.

Бізге қажет ингридиенттер: ананас, консервіленген жүгері, тауық еті, асылған жұмыртқа, майонез. Сәндеу үшін салат жапырағы керек.

Тауық етін ұсақтап турап тәрелкеге салатын жапырағын төсеп,  бірінші қабат етіп орналастырасыз, содан соң консервіленген жүгеріні, сосын жұмыртқаны саласыз Әр қабаттан кейін майонез жағып отыруды ұмытпаңыз. Татымына қарай тұз да салсаңыз болады. Содан соң ең беткі қабатына ананасты орналыстырып қонақтарыңызға ұсынуға болады.

Дәмді әрі тез салаттарымыз сіздің дастарханыңыздың сәні болсын. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!

Бөлісу14Твит9
Алдыңғы лауазым

1 жас 10 айлық баланың даму деңгейі: Жаңа дағдылар мен қабілеттер

Келесі лауазым

Баланың тісі шығатын кезде болатын мазасыздықты басудың жолдары

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.