Вторник, 9 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ауыздан шығатын жағымсыз иіс: Себептері мен емдеу жолдары

25.12.2021
0
Ауыздан шығатын жағымсыз иіс: Себептері мен емдеу жолдары

Дәрігерлердің айтуы бойыншакөп адам ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иіске алаңдайтын көрінеді. Шынында да, көптеген адамдар үшін бұл құбылыс өте күрделі психологиялық проблемаға айналғаны жасырын емес.

Бұл мәселе өз кезегінде әріптестермен, жақын адамдармен қарым-қатынаста қолайсыздықтар тудыруы мүмкін, тіпті адамның өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Көбінесе адамның өзі мұны байқамауы мүмкін, өйткені ол ауыздан шығатын бұл иіске бейімделіп үлгереді. Ал айналадағы адамдар жақын қарым-қатынастан аулақ болғысы келеді.

Осы және өзге де пайдалы ақпаратты Kyn.kz ақпараттық порталынан оқып біле аласыз.

Жағымсыз иіс Галитоз (halitosis; лат. halitus — дем алу грек. -osis) — ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иіс. Галитоз көбіне ауыздың шырышты қабығының, қызыл иек пен тістің қабынуының симптомы болып келеді.Бұл жағдайда темекі шегуден, алкогольді сусындардан немесе ащы тағамнан туындаған иіс есепке алынбайды.

Галитоз не себепті пайда болады?

Ол аэробты және анаэробты микрофлораның арақатынасының бұзылуына негізделген, нәтижесінде белгілі бір қосылыстар түзіледі. Сол арқылы жағымсыз иістер пайда болады.

Таңертең оянғаннан кейін ауыздан жағымсыз иістің шығуынқалыпты жағдай ретінде қабылдаңыз, өйткені түнде ауыз қуысында сілекейдің бөлінуі азаяды. Таңертең тістеріңізді тазалағаннан кейін иіс әлі де сақталса, дәрігердің қабылдауында болғаныңыз жөн.

Ауыз, мұрын, тыныс жолдары ауруларында жағымсызиіс ауызда ғана емес, мұрында да пайда болады. Галитоз келесі ауру түрлерінде де пайда болуы мүмкін:

  • Мұрын қуысындағы бөгде зат
  • Аденоидит (жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жері) созылмалы және жедел
  • Аденоидит (назофарингеальді бездің қабынуы) жедел және созылмалы
  • Риносинуситы (гаймориты):жедел, созылмалы, полиптәріздес,қотыр тәріздес.
  • Алдыңғы бөліктегі құрғақ ринит
  • Жедел және созылмалы тонзиллит, фарингит
  • Стоматит
  • Созылмалы фарингит (атрофиялық)
  • Созылмалы гиперпластикалық ларингит
  • Жедел іріңді ларингит

Ішкі ағзалардың төмендегідей аурулары кезінде галитоз пайда болуы мүмкін:

  • тыныс алу жолдарының инфекциялары: бронхоэктаз, өкпе абсцессі;
  • асқазан-ішек жолдарының аурулары, мысалы, гастрит, гастродуоденит, асқазан жарасы, гастроэзофагеальды рефлюкс және т.б.;
  • бауыр жеткіліксіздігі (балықтың иісі);
  • бүйрек жеткіліксіздігі, азотемия (аммиак немесе зәрдің иісі);
  • диабеттік кетоацидоз (тәтті жеміс иісі).

Галитоз мәселесін қалай шешуге болады?

Ең алдымен ауыз қуысының гигиенасын сақтауыңыз қажет. Ауыз қуысының: гингивит, стоматит, тіс кариесі және т.б. аурулары пайда болғанда міндетті түрде маманның қарауында болғаныңыз жөн. Аденоидит (көмекей безінің созылмалы суықтауы) пен риносинусит( бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған немесе созылмалы ауруы) кешенді түрде емделеді. Яғни жүйелі түрде қолдануға арналған препараттарды тағайындаумен қатар, қажет жағдайда физиотерапия (көрсеткіштерге сәйкес), амбулаториялық емдеу тағайындалады.            

Дұрыс тамақтану мәзірін сақтаңыз:

  • Күніне 3-4 рет аз көлемде тамақты тұрақты қабылдаңыз
  • Көбірек су ішіңіз
  • Тамақты ұйқыға кетерден 2,5-3 сағат бұрын қабылдаңыз
  • Жаман әдеттерден арылыңыз: темекі шегу, алкогольдік сусындарды пайдалуды доғарыңыз

 «Ауруды емдегеннен, оның алдын алған оңай». Дәл осы қағида әрқашан қаперіңізде болсын.

Бөлісу2Твит1
Алдыңғы лауазым

Шала туылған нәресте: оны қалай емдеу және дамыту керек

Келесі лауазым

Оралда үшем дүниеге келді

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.