Вторник, 9 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыда кеуде қуысы деформацияланған балаға ота жасалды

30.12.2021
0
Алматыда кеуде қуысы деформацияланған балаға ота жасалды


Алматыдағы №1 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері кеуде қуысы ішке қарай кіріп, шұңқыр тәрізденіп кеткен 10 жасар пациентке операция жасады. Ота құны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы төленді.


«Баламның кеудесіндегі патология кішкентай күнінен болды. Бұрын-соңды бұл мәселе бойынша дәрігерге апарған жоқпыз. Бірақ уақыт өте келе ыңғайсыздық тудырып, кеудесі ауыра бастады. Кейінгі кезде тез шаршап, тыныстау қиындап кеткенін айтып шағымданып жүрді», — дейді баланың анасы.


Жан-жақты тексере келе торакальды хирургтар ота жасау туралы шешім қабылдаған. Nuss әдісіне негізделген бейнеторакальды стернопластика МӘМС пакеті шеңберінде жасалды. Шағын инвазивті отадан кейін пациент тез оңалып, 3-4 күннен кейін ауруханадан шығуы тиіс.

Торакальды хирург Нұржан Жүнісовтің айтуынша, кеуде қуысы деформацияға ұшырағанда адам сүйектерінің құрылымы өзгереді. Аталған пациенттің қабырғалары ішіне кіріп, кеудесі «воронка тәріздес» болып кеткен. Салдарынан тыныс алу органдары қысылып, дем алуы қиындаған.

«Кеуде қуысының деформациясы әдетте туа пайда болатын генетикалық ақау болып табылады. Бір жақсысы, қазір оны хирургиялық жолмен түзетуге болады. Мұндай операцияларды ашылғанына 12 жылдан асқан біздің Торакальды хирургия орталығы дәрігерлері ересектерге де, жас балаларға да жасайды. Бізде емделген пациенттердің ең кішісінің жасы 3-те, ең үлкені 35-те», — деді Нұрхат Жүнісов.
Ата-анасының сөзіне қарағанда, қазір баланың жағдайы жақсы, ең бастысы патологиядан арылды.
Естеріңізге сала кетсек, 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылады және медициналық қызметті ақысыз пайдалана алады.
Торакальды хирургия бөліміне кеуде қуысы деформациясы байқалған жағдайда Алматы қаласы, Қалқаман ықшам ауданы, Әшімов көшесі, 2 үйде орналасқан №1 Қалалық клиникалық ауруханаға хабарласуға болады.

Бөлісу2Твит1
Алдыңғы лауазым

Алматыда бүлдіршінді оқтаумен ұрды деген тәрбиеші өзіне қол жұмсады

Келесі лауазым

Ақтауда әріптесін айуандықпен өлтірген теміржолшыға сот үкімі оқылды

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.