Вторник, 9 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтауда әріптесін айуандықпен өлтірген теміржолшыға сот үкімі оқылды

30.12.2021
0
Ақтауда әріптесін айуандықпен өлтірген теміржолшыға сот үкімі оқылды

Ақтауда өз әріптесін жауыздықпен өлтірген теміржолшыға сот үкімі кесілді. Қанды қылмыс ақпан айында Бейнеу ауданында болған. Ревизор Айтбай Сақтағанов пен Ілияс Ұзақбаев 40 жастағы Ерлан Құрмановты аяусыз ұрып-соғып, көлігіне отырғызып айдалаға апарып тастаған, деп жазды KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

«Сақтағанов ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 15 жыл бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесіндегі қауіпсіздік барынша ауыр мекемеде өтеу белгіленсін. Ұзақбаев Ілияс Сәрсенбаевич ҚР ҚК 293-бабы, 1-бөлімімен 1 жыл мерзімге бостандығынан айыру жазасы, 432-бабымен 4 жыл мерзімге бостандық айыру жазасы тағайындалсын»,-деді судья Ғафур Шаров.

Ілияс Ұзақбаев рақымшылыққа ілігіп жазасы сәлде болса жеңілдеді. Тергеуде анықталғандай екі сотталушы мен марқұм бір жерде жұмыс істеген. Жанжал 16-ақпан күні күндіз жиналыс кезінде өзара келіспеушіліктен басталыпты. Олар Ерлан Құрмановты қонақ келді деп алдап үйіне шақырып алып, ұрып-соғып айдалаға көлігімен апарып тастаған. Бірақ марқұмның туыстары соттың бұл шешімімен келіспеді. Тіпті апелляцияға береміз деп отыр.

«Өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраймын. Себебі, осында айуандықпен, жауыздықпен, аяусыз ұрып-соғып, бауырымды соншама жанын қинап өлтірген адамдарға біздің осы бейбітшілік қоғамда жүруге орын жоқ деп ойлаймын. Қылмыскерлер әділ жазаларын алып темір тордың ар жағында өмір бойы өткізсін деп сұраймыз»,-деді марқұмның туысы Алтыншаш Құрманова.

Бөлісу3Твит2
Алдыңғы лауазым

Алматыда кеуде қуысы деформацияланған балаға ота жасалды

Келесі лауазым

Мамин: маңғыстауда газ бағасы 85-90 теңгеге арзандайды

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.