Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Созақта дәрігерлер ауылда 10 мың адам жоқ деп, 7 500 тұрғынның денсаулығына қарамай отыр

28.01.2022
0
Созақта дәрігерлер ауылда 10 мың адам жоқ деп, 7 500 тұрғынның денсаулығына қарамай отыр

Сапалы ем — дом алғың келсе, адам санын көбейт! Созақтың дәрігерлері аурухана ашуды сұраған ауыл тұрғындарына осылай деп, айды аспаннан бір — ақ шығарды. Ақ халаттыларды алаңдатқан демография мәселесі емес екен, деп жазды KYN.KZ сайты Еуразия Бірінші арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап.

Олар елдімекенге маман тарту үшін халық санының межеге жетуін күтіп отыр. Егер шағын ауылдағы тұрғындар саны 10 мыңнан аспаса, аурушаң жұрт ауданға сабылып, емделуге мәжбүр болады. Онсыз да уранның кесірінен ағзасы уланып, денесін дерт дендеген қараша енді бала санын арттырудың қамына бас қатыруы керек пе?

Таукент елдімекенінде жалғыз ғана дәрігерлік  амбулатория бар. Медициналық қызмет көресетін мекемеге тұрғындардың  өкпесі қара қазандай.

Себебі, атына заты сай емес деп налиды. Яғни, мамандардың тапшылығынан қызмет дұрыс көрсетілмей, салдарынанан науқастар аудан орталығына сандалуға мәжбүр. Бүгінде жиналып келген халық дәрігерлермен әңгімесі жараспай, біраз ашуға булықты. 

«Пятница күні келген. Келген кезде Алма апайға айтқан. Менің әкемінің давлениясы көтеріліп жатыр, ауырып жатыр осы жерде  давлениясын тексеріп емдеп беріңіздер деп. Бірінші помощь көресту керек любой адамға. Бұл кісінің әкесі кіргеннен кейін бұл кіслер ештеңе істемеген, давления тексермеген, вторник күні келесіздер деп жіберген.»,- дейді тұрғын.

Бұл маңдағы тұрғындардың дені қан қысымы ауруына шалдыққандар. Себебін, елдімекен іргесіндегі  уран өндірісінен бе деп секем алады. Ал, оларға мемлекеттен берілетін тегін дәрі-дәрмекті алудың өзі үлкен мәселе.

Тіпті, ПТР тест тапсыру үшін елдімекеннен 40 шақырым жерде орналасқан орталық аурухана баруға мәжбүр. 7500-нан астам тұрғыны бар Таукенттегі емдеу мекесінде бар-жоғы 4 ақ халалтты жұмыс істейді. Тиісті аппараттар атымен жоқ. 

«Аудандық емханадан дәрі бөлінбейді. Дәіргерден келіп сұрасақ жоқ дейді. Аудан бөлмейді дейді. Келген дәріні тегін аламыз. Через один, арасында бір ай өтіп кетеді. Мысылы декабрь алмадық, январь алмадық»,-дейді Таукент елдімекенінің тұрғыны Мамырахан Сүлейменов. 

Анықталғанындай, Таукент дәрігерлік амбулаториясы 2018 жылға дейін уран өндіретін жеке меншік компанияның меншігінде болыпты. Кейін олар қаржыландыруды тоқтатып, мекемені мемлекетке өткізген. Сол сәттен бастап білікті дәрігерлер кетіп қалған. Ал, ауданның бас дәрігері дәрі-дәрмекпен  маман тапшылғы жоқ деп ақталып бақты. 

Журналист: Жаңа сіз айттыңыз 10 мың адамға жету керек дедіңіз насиление. Ол 10 мың адамға жетем дегенше мына жақта 8000 адам қырылып қалмай ма?

«Норматив больничный сети деген болады. Например бейін мамандар тарту үшін халық ол жақта 10 мыңнан асу керек.

Қазіргі таңда Таукентте 7500 адам болуына сәйкес ол жақта дәрігерлік амбулатория. Сол дәрігерлік амбулаторияға жалпы семейнный бұйрықтарға сәйкес барлық медицианлық қызметтерді көрсетуі керек»,-дейді Созақаудандық орталық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Талғат Қалдыбеков.

Енді, Таукент елдімекеннің тұрғындарына  адам санын  көбейту үшін демограф Мақаш Тәтімов тілінде айтсақ, «көк көрпені күмпілдету» керек болып тұрғандай.

Бөлісу2Твит1
Алдыңғы лауазым

Нұр- Сұлтанда бір мектептің оқушыларын тасмалдауға 92 миллион теңге бөлінген

Келесі лауазым

Абысынына ұлын берген әйел қайнысы мен келінін ажырасқандары үшін сотқа берді

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.