Понедельник, 8 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Желтоқсаншылар:Түрмелерде болып жатқан айуандық әрекеттерді тоқтатуды талап етеміз

29.01.2022
0
Желтоқсаншылар:Түрмелерде болып жатқан айуандық әрекеттерді тоқтатуды талап етеміз

Бейбіт митингіге қатысушыларға күш қолданып, жасамаған қылмысты мойнына іліп жатыр, деп мәлімдеді желтоқсаншылар

1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар қаңтар оқиғасына қатысушыларды қолдап, бейбіт митингіге шыққан барлық халықты босатуды талап етті.

Үндеудің видеосы Facebook желісінде жарияланды. 

Желтоқсаншылардың айтуынша, олар осыдан 35 жыл бұрын қызыл империяның солақай саясатына қарсы шыққан жастардың қатарында болған. Айтуларынша, ішкі істер министрлігі мен ҰҚК 1986 жылы да өз өкілеттігін асыра пайдаланып, «неше түрлі әрекеттер ойластырып», істелмеген қылмысты бейбіт жастардың мойнына ілген.

«Бізге ұлтшылдар, нашақорлар, маскүнемдер, бұзақылар деп жала жауып, дүниежүзіне масқаралап, алдын ату жазасына кейінгілерді 10-15 жылға соттады», — делінген үндеуде.

Белсенділер қаңтар оқиғасы туралы айта келе, бейбіт шеруге шыққан халқымыз жазықсыз жазаланып, түрмеге қамалып жатқанын мәлімдеді.

«Түрмеде оларды азаптап, зорлық-зомбылық көрсетіп, істемеген қылмысты мойнына іліп отыр. Бұл жөнінде бүкіл әлем айтып жатыр. Құзырлы орган қызметкерлері өз өкілеттігін асыра пайдалануда.

Тіпті түрлі жарақатпен ауруханада жатқан науқастарды алып шығып, күш қолданып, кінә тағуда. Ол ешқандай адамгершілікке жатпайды. Бүгінгі күні қаңтар көтерілісіне қатысқан жастарға қарсы қолданылып жатқан айуандық әрекеттер 1986 жылғы репрессиядан 100 есе асып кетті.

Елім, жерім деп бейбіт шеруге шыққан халық ешқандай террорист емес. Біз, Желтоқсан ардагерлері еліміздің түрмелерінде болып жатқан айуандықты шұғыл түрде тоқтатып, оларды бостандыққа шығаруды талап етеміз», — деп мәлімдеді олар.

Дереккөзі: Спутник Қазақстан

Бөлісу4Твит2
Алдыңғы лауазым

2022 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз жорамал

Келесі лауазым

Президент: Алматыда шабул жасаған бандиттер командасын "Қазақстан" қонақ үйіне орналастырған

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.