Понедельник, 8 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыда белсенділер «Досаев, кет!» деген ұранмен митингіге шықты(видео)

05.02.2022
0
Алматыда белсенділер «Досаев, кет!» деген ұранмен митингіге шықты(видео)

Алматыда қаралы қаңтардан кейін бірінші рет рұқсат етілген митинг өтіп жатыр. Бұл жолы Алматы тұрғындары «қала әкімін өзіміз сайлауымыз керек» дегенді алға тартуда, деп жазды KYN.KZ.

Көпшілік Ерболат Досаевты Ұлттық банкті басқарған кезде халық пікірі мен талаптарына немқұрайлы қарап, тіпті елемегін еске алады.

Халық Ғалымдар үйінің жанына жиналған. Үлкен жүк көлігін қойып, сөз алғандар соның үстіне шығып пікірлерін жеткізуде.

Сөздерінше бұған дейін алматылықтар өз әкімдерімен байланыста бола алмаған. Келген әкімнің бәрі жоғарыдан сайланып, тек жоғарының айтуын орындаумен болған.

«Біз ешқашан әкімімізбен ашық байланысты көрмедік. Осыған дейінгі барлық әкім Үкімет саясаты есеп үшін жүргізумен болды. Халық басқа шеткеріде қалып қойды. Әкім деген халықпен жұмыс істеу керек. Есеп үшін емес, ел қамы үшін. Егер әкімдер халықпен санасып, мәселелерді шешсе есеп өзі дайын. Бірақ бізде ондай мәселе шешу мақсат емес»,-деп күйінді митинг қатысушыларының бірі.

Бейбіт шеруге жиналғандар арасында Қаңтар оқиғасынан кейін тергеуге жабылғандардың туыстары да сөз алды. Олар жазықсыз адамдар ертерек үйлеріне жіберілсін деп ұрандатты.

Тағы бір адам жүк көлігінің үстіне шығып, биліктен қаза болғандардың есімі жазылған тізімді талап етті. Бірақ көпшілік оны арандатушы деп атап, мінберден күштеп түсірді.

Көпшілік 21 ғасырда өмір сүргендіктен қала әкімін ашық сайлау арқылы таңдау бастамасын көтерді. Сондай-ақ ондай сайлауға халық дайын екені ескертілді.

Ал, Алматы қаласының бұған дейінгі әкімі Бақытжан Сағынтаев Қанды қаңтар оқиғасынан кейін орнын босатқан еді.

View this post on Instagram

A post shared by KYN.KZ (@kyn.kz)

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Отбасына азық алу үшін: Ауғанстанда әкесі 9 жасар қызын 55 жастағы ер адамға 2200 АҚШ долларына сатты

Келесі лауазым

Айгүл Орынбек: Мықты болсаңдар бірінші Мәсімовтің тісін қағып, денесіне үтік басыңдар

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.