Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Екібастұзда жалдамалы пәтерден төрт «маугли» бала табылды

12.02.2022
0
Екібастұзда жалдамалы пәтерден төрт «маугли» бала табылды

Екібастұзда жалдамалы пәтерлердің бірінен төрт науқас, аш бала табылды. Балалар ата-аналарымен бірге антисанитариялық жағдайда өмір сүріп келген, соңғы үш күн нәр татпаған. Үйдегі үлкен бала жеті жаста, қалғандары бес, төрт және үште. Балалар жүре алмайды, адамдардан қорқады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еріктілердің айтуынша, отбасының жағдайы туралы Екібастұз қаласы әкімдігінің қызметкерлері хабарлап, қоғамнан көмек сұраған. 

«Бұған дейін көршілері полицияға пәтерде жанжал, шу болып жатыр деп хабарлаған. Құқық қорғаушылар пәтерге келгенде бәрі тыныш болды, бірақ ата-анасымен бірге аш, жалаңаш балалар отырған. Біздің топқа көмек туралы хабар келгенде тез арада азық-түлік, жөргек, сабын, тазартқыш құралдарға ақша жинап, қолда бар заттарды жинап, демеуші берген нәрсені отбасыға апардық», — дейді жергілікті еріктілер Instagram-да.

Көп балалы отбасының жағдайы еріктілердің зәресін ұшырды. «Балалар лас пәтерде тұрған, барлық жерде нәжіс, зәрдің иісі, шыбын. Балалар жалаңаш, кір-қожалақ. Ешқайсы жүре алмайды. Қыздың іші үлкейіп кеткен, ұлдардың бірі екі күннен аса құсып жүр, екі үлкен баланың аяғы қойырылып қалған. Олар үш күн нәр татпағаны белгілі болды, үйде тамақ жоқ», — дейді ерікті Людмила Былинина.

Еріктілер полицейлермен бірге жедел жәрдем шақырып, балаларды анасымен бірге шұғыл түрде ауруханаға жатқызды.»Балалар сыртқа шықпайды, серуендемейді, адамдардан қорқады, маугли сияқты. Анасының айтуынша, олардың денсаулығы жыл сайын нашарлай берген. Ал шамамен бір жыл бұрын жүрмей қалған», — дейді еріктілер.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың бірде-бірі медициналық мекемеге тіркелмегені және дәрігерлерге қаралмағаны анықталды. Отбасы Екібастұзға үш жыл бұрын ауылдан көшіп келген, жалдамалы пәтерде әкесінің кездейсоқ табысы мен балалардың 27 жастағы анасы алатын жәрдемақыға тұрады.

Қазір балалар Павлодар облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.

«Балаларда пневмония өршіп кеткен, жағдайы орташа ауыр, біреуінен ковид расталды. Сондай-ақ, олардан рахит анықталды. Ата-анасы оларды неге емдемегені белгісіз. Кеше біз балаларға киім, ойыншықтар жинап, ауруханаға жеткіздік. Біз балаларды әлі де құтқаруға болады деп үміттенеміз, мүгедек болып қалмаса екен», — дейді Былинина.

Бөлісу9Твит6
Алдыңғы лауазым

Иранда ер адам 17 жастағы әйелінің басын кесіп алып, онымен қала көшелерін аралады

Келесі лауазым

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.