Понедельник, 8 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақстандық байлардың шетелдерде жасырған ақшалары қалай қайтарылатыны айтылды

16.02.2022
0
Қазақстандық байлардың шетелдерде жасырған ақшалары қалай қайтарылатыны айтылды

Қаржы министрлігі шетелге заңсыз әкетілген активтерді қайтару шаралары туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ  LS сайтына сілтеме жасай отырып,

Министрлiк басшысы Ерұлан Жамаубаевтың сөзiнше, барлық мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

«Капиталды шетелден елге қайтару және елден, оның ішінде оффшорлық юрисдикцияларға ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды күшейту бөлігінде нақты ұсыныстар әзірленетін болады», — деді ол.

Бұдан басқа, дивидендтерге салық салу, материалдық емес қызметтер және бақыланатын шетелдік компаниялар бойынша шегерімді шектеу бөлігінде заңнамалық түзетулер әзірленді.

«Сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің үздік тәжірибелерін ескере отырып, трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заң қабылданады. Осы бағыт бойынша нақты ұсыныстар екі ай ішінде Мемлекет басшысына ұсынылатын болады», — деп нақтылады Жамаубаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінде халықаралық ынтымақтастық бойынша құқықтық база дайындалды.

«Қаржы шоттары бойынша автоматты ақпарат алмасу туралы көпжақты келісім аясында 2019 жылдан бергі кезеңді қамтитын 62 юрисдикциядан ақпарат алу жолға қойылды. Сондай-ақ, АҚШ үкіметімен халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау мақұлданды. Соның арқасында екі ел резиденттерінің қаржылық шоттары туралы өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылатын болады», — деп атап өтті министр.

Халықаралық шарттардың ережелерін салық салудан жалтару және капиталды шығару бөлігінде теріс пайдаланудың алдын алу жөніндегі көпжақты конвенция әлі де ратификацияланды, деп түйіндеді ол.

Бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке заңсыз әкетілген ақшаны елге қайтару бойынша ұсыныстар беруді тапсырған болатын. Сондай-ақ, ол Ұлттық банкке қаржы нарығын реттеу және қаржы мониторинг агенттіктерімен бірлесіп, барлық транзакцияларды және елден қаражатты негізсіз шығаратын тұлғаларды нақты тексерiп, бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу2Твит1
Алдыңғы лауазым

Полицейлер мен олардың отбасы қандай жеңілдіктерге ие

Келесі лауазым

Құжатын көрсетті:Сауда министрлігі «Алтын Орда» базарының иесін атады

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.