Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Журналист Дәулет Болат Жәмішевке: Біз онлайн садақа сұраушыға айналдық, халыққа нақты көмек қашан болады?

17.02.2022
0
Журналист Дәулет Болат Жәмішевке: Біз онлайн садақа сұраушыға айналдық, халыққа нақты көмек қашан болады?

Журналист әрі инстаграм желісінде қарапайым халыққа баспаналы болуда қажетті ақпараттар беріп отыратын Дәулет Төлеубайұлы «Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішевке шүйлікті.

Ол өз сөзінде «Балалар жылы» еш ескерілмейтіні, көптеген ата-аналар ауыр дертке шалдыққан балаларына емге қаржы таппай оқырманы көп блогерлерге жүгінетінін айтты. Ол өз сөзінде журналистер мен блогерлер «Жаңа Қазақстанның онлайн садақа сұраушыларына айналды» деді.

Дәулет Төлеубайұлы сөз соңында Жәмішевтен қарапайым халыққа қашан нақты көмек көрсетілетінін сұрады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

«Қазақстан халқына» қорының Ресми құрылғанына бір айдан асты. Бірақ, осы аралықта нақты Қазақстан халқына көрсетілген бірде — бір көмекті байқамадым. Есесіне, «Біз министрлік қасында отырмыз, сол себепті орташа жалақымыз 587 000 теңге, әрі бұл тым көп көрінуі мүмкін, бірақ біз айлықтан басқа премия да алмаймыз» деп отырсыз..

Қор басшысы Болат Жәмішев зум арқылы өткізген бірнеше жиналысқа қатыстым. Барлығы орыс тілінде сайрап отыр. Үш, төрт адам қазақша сөйлеп отыр.

Білесіз бе, менің дайрегім көмек беріңізші деп еміне ақша сұрағандардың хатына толды. Ватсапқа да күн сайын хаттар келуде. Қаншама ата-ана баласын емдегісі келіп шыр-пыр болып жүр. Президент биыл «Балалар жылы» деді, бірақ сөз жүзінде қалып отыр. Қаншама белсенді, блогерлер күні-түні тікелей эфирге шығып, ауырған балаларға ақша жинап, жаңа Қазақстанның онлайн садақа сұраушыларына айналып баражатырмыз.Әйтеуір қарапайым халық болып бір жыртығымызды жамап жатсақ, бір жеріміз жыртылып жатады.

«Қазақстан халқына» қорына олигархтар мен бай компаниялар ақша аударуы керек деген-ді. Бүгінде жиналған ақша:120 000 000 000 ( 120 миллиард). Бірақ, бұл ақшадан сіздердің айлықтарыңыз бен жалға алған ғимараттың ақысы ғана төленіп жатыр. Қарапайым халыққа нақты көмек қашан болады?»,- деп жазды журналист Дәулет Төлеубайұлы.

Бөлісу16Твит10
Алдыңғы лауазым

Алматы облысында жасөспірім қызды зорламақ болған зейнеткер ұсталды

Келесі лауазым

Тоқаев үтікпен азаптағандар туралы: "Шаш ал десе, бас алатын" әрекеттерге жол беруге болмайды

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.