Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Айман Омарова: Қаңтар қырғынына кемінде 2 жыл дайындалған

14.03.2022
0
Айман Омарова: Қаңтар қырғынына кемінде 2 жыл дайындалған

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді тергеу жөніндегі «Ақиқат» комиссияның басшысы, адвокат Айман Омарова қайғылы оқиғаға не себеп болғанын айтты.»Оқиғаға Маңғыстау облысында газ бағасының көтерілуі триггер болды, алайда қаңтар оқиғаларына кейінгі 5-6 жылда жиналған әлеуметтік-экономикалық проблемалар ғана себеп болды деп айту қиын», — дейді Айман Омарова.

Ол билік өзгермейтін елде, қоғамның барлық саласында сыбайлас жемқорлық жайлап, ұлттық ресурстар олигархтар деп аталатын адамдардың белгілі бір тобында болған кезде мұндай оқиғаларды айналып өту мүмкін болмағанын айтты.

«Халықтың сенімінен баяғыда айырылған құқық қорғау органдарын, сондай-ақ сот жүйесін айтпаса болмайды. Әсіресе, басшылығы мен қызметкерлері басқа құқық қорғау органдарына, прокуратураға және тіпті соттарға ғана емес, іс жүзінде шексіз билікке ие болған ҰҚК қызметіне назар аударғым келеді», — деді Айман Омарова.

Омарованың айтуынша, қаңтар оқиғаларына кем дегенде екі жыл дайындық жүргізілген. Алайда террористік топтардың бар екені туралы қауесет одан бұрын да тараған.»Көптеген адам мұның бәрі бейбіт митингілерден басталды деп қателесіп отыр.

Шындығына келгенде бәрі әлдеқайда ертерек, оқиғаларға ақпараттық дайындықтан басталды. Бейбіт митингілер – біз өз көзімізбен көргеніміздің басы. Егер оқиғаларды шартты түрде бөлсек, онда олар оқиғаларға ақпараттық дайындықтан, одан әрі – ақпараттық соғыстан және көшедегі оқиғалардан тұрады», — деп атап өтті ол.

Бөлісу26Твит16
Алдыңғы лауазым

Қайрат Сатыбалды Дубайға ұшып кетпек болған

Келесі лауазым

Тоқаев президенттің туыстары саяси маңызы бар лауазымдарға жайғасуына тыйым салуды ұсынды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.