Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

1 литр сүт 14 млн теңге: Қызылорда облысында ерекше тендер көпшілікті қайран қалдырды

24.03.2022
0
1 литр сүт 14 млн теңге: Қызылорда облысында ерекше тендер көпшілікті қайран қалдырды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері Шиелі аудандық білім бөлімі бағасы 14 миллион теңгеден асатын бір литр табиғи сүт сатып алуды жоспарлағанын анықтады.

Қайта тексерілгеннен кейін сүт бағасы 223 теңгеге дейін төмендетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері баға мониторингі кезінде бағаны қолдан көтеруге байланысты және басқа да осындай деректерді анықтаған.

«Қармақшы ауданының №275 орта мектебі балаларға 1 670 143 теңгенің күртешесін сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Жалпы 208 миллион теңгеден аса сомаға 125 күртеше сатып алу жоспарланған. Ұсынысқа сәйкес тауар құны 16 701 теңгеге дейін төмендетілген.

Жалпы сатып алу сомасы 2 миллион теңгеден асты. 206 680 197 теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражат қайтарылды», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова.

Бұл бірінші жағдай емес екені белгілі болды. Антикор облыстың 11 мемлекеттік мекемесі дизель отынын 280 теңгеден, ал АИ-92 маркалы бензинді 205 теңгеден сатып алуды жоспарлағанын анықтады.

«ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361″Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес дизель отынының литрі 230 теңгеден, ал АИ-92 маркалы бензин бағасы 182 теңгеден аспауы тиіс.

Мемлекеттік сатып алу лоттарын қайта қарау туралы ұсыныстардың қорытындысы бойынша 38 243 349 теңге сомасында бюджет қаражаты үнемделді», — деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.

2022 жылғы екі айдың қорытындысы бойынша 17 мекемеге жіберілген ұсыныстар нәтижесінде жалпы сомасы 351 230 304 теңге бюджет қаражаты үнемделген.

БөлісуТвит
Алдыңғы лауазым

Тоқаев президенттің туыстары саяси маңызы бар лауазымдарға жайғасуына тыйым салуды ұсынды

Келесі лауазым

Онкологиялық қатерлі ісіктің ең бірінші, негізгі белгілері

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.