Басты жаңалықтар

Анджелина Джоли Қазақстанға келу үшін миллион доллар сұрады

Ол миллион долларға Астанаға келмекші

Анджелина Джоли Қазақстанға келу үшін миллион доллар сұрады "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің президенті Айман Мусахаджаева бір миллион доллар төлеген жағдайда голливуд жұлдызы Анджелина Джолидің Қазақстанға келуге әзір екенін мәлімдеді. Ол әлем жұдыздарының арасында қызыл кілеммен кімдер жүріп өтетінін айтып берді.Бұл туралы KYN.KZ Спутник сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды Ұйымдастырушының айтуынша, XIV Халықаралық кинофестивальде қазақстандық жұлдыздардан бөлек, сербиялық режиссер әрі әнші Эмир Кустурица, француз актері Венсан Кассель және Бондтың сүйіктісін сомдаған Леа Сейду болады деп күтілуде. Айман әзірге олардың бұл үшін қанша алатынын айтпады. Алайда Анджелина Джолидің фестивальге келуі үшін қанша сұратқаны белгілі болды. "Мәселен, Анджелина Джоли бізге келу үшін бір миллион доллар сұрады. Әрине біз оны шақырғымыз келеді, алайда ондай қаражат бізде жоқ. Одан да көп сұрап отырған әртістер бар", - дейді ол. Кинофестиваль Астанада 1 - 7 шілдеде өтеді.