Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында жарымжан баланы азаптап өлтірген келіншекке үкім шықты

Алматы облысында жарымжан баланы азаптап өлтірген келіншекке үкім шықты
ашық дереккөз
Алматы облысында 8 жасар баланы азаптап өлтірді делінген келіншекке үкім шықты! Сот тәрбиешіні кінәлі деп тауып, оны 15 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайты КТК арнасына сілтеме жасаған KYN.kz.  Одан қалды, Мейіргүл Жалымова жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге өтемақы төлейтін болды. Жалғыз ұлының өлімі үшін анасы одан 30 миллион теңге талап еткенін айта кетейік. Алайда, судья кәмелетке толмаған үш қызының барын ескеріп, соманы он есеге қысқартып тастады. Десе де, атышулы іс мұнымен аяқталмайын деп тұр. Өйткені, сотталушының туыстары интернаттағылардың өздеріне ақша ұсынғанын айтты. Атышулы істі бір айға жуық қараған судья соңғы отырысты ұзаққа созбады. Бөлмеге кірген бойда бірден Үкімді оқыды. -Жалымова Мейіргүл ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-шы бабы 25-ші бөлігі 13,14 тармақтарымен кінәлі деп танылып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Жаза қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтелсін. Кінәсі дәлелденген тәрбиеші одан бөлек баланың ата-анасына 3 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. Ол үшін судья келіншектің туыстарына 2 ай уақыт берді. Кері жағдайда, мәжбүрлі түрде бүкіл мүлкі саудаға шығарылады деді. Негізі сұралған өтемақы бұдан он есе көп болатын. Алайда, әйел 30 миллионды төлей алмайтын боп шықты. Әрі, оның да өсіп келе жатқан 3 баласы бары ескерілді. Десе де, соманың қысқарғанынан сотталушының қайғысы азая қойған жоқ. Сот залынан бірден колонияға баратынын естіген бойда жылап қоя берді.   -Мен қылмыскер емеспін, мама! Мама, мен қылмыскер емеспін! Мүгедек баланы  өлтірген әйел жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Жәбірленуші тарапқа бұл үкім жаққан. Алайда, қос ананың көз жасы бұл ананы да жылатты. Зарина Құттықожаева, жәбірленуші:  -Әрине, аянышты, үш баласы бар. Оларға қарап өзімнің де жүрегім ауырып тұр. Не айтарымды білмей тұрмын. Алайда, атышулы іс жылап-сықтаумен бітпек емес. Іс біткенде барып, сіңілісіне араша түскен Жалымованың туған әпкесі енді интернаттағыларды сотқа беретінін айтты. Айтуынша, мүгедек балаларға жасайтын түрлі әрекеттерін жасырып қалу мақсатында бәрі де ауызбастырық ұсыныпты. Дариға Закирова, М.Жалымованың әпкесі:  -Әріптестерінің барлығы бастығынан қорқады. Аузын жауып тастаған бастықтары. Оларды түсінемін, жұмысымыздан айырылып қаламыз деп отыр  ғой. Бәрі келісіп алған. Жиналыс ашқан. Балаларды бәрі байлайтынын  бәрі біледі. Бәрі жауапқа тартылсын. Біз қайтадан оны шағымданамыз. Үкіммен келіспеген тарап апелляцияға жүгінді. Әрі мүгедек балаларға арналған интернатқа қарсы істі бастауға кірісіп те кетті.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар